ݺߣ

ݺߣShare a Scribd company logo
Күні: 16.03.2016 жыл
Тақырыбы: Жыл басы – Наурыз,мол болсындәм – тұз
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру , халқымыздың салт –
дәстүрін, әдет – ғұрпын, үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Оқушыларды адамгершілікке , парасаттылыққа, шапшаңдыққа , Отанын сүюге тәрбиелейу,
үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қазақтың ұлттық киімдері , бейнеролик, тұсау кесуге арналған
ала жіп, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Әдісі: Сайыс
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7 сыныпта өткелі тұрған тәрбие сағатына қош
келдіңіздер! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты
көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып , Наурыз тойын
тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын ақ мол болсын,
Ұйымдастыру
Тренинг: «Құбыр»
Топқа бөлу:
«Наурызбай» ауылы, «Бөгенбай» ауылы
Шарты : Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қима қағаз таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
Бейнеролик «Наурыз –жыл басы»
Сайыс шарттарымен таныстыру:
1.Таныстыру «Синквин» әдісі 1. Зат есім 2. Сын есім 3. Етістік 4. Синоним
2.Сұрақ – жауап «Арқан тарту» әдісі
3. Мәтінмен жұмыс «Біреуі үйде, бесеуі қонақта»
4. «Салт – дәстүріңді білесің бе?» тұсау кесу, ұйқыашар, селтеткізер көрсету
5. Мақал – мәтел жарысы
6.Ұлттық тағам (Наурызкөже, бауырсақ)
7. Ең үздік бата . Бата беру
1 кезең : Таныстыру
«Наурызбай» ауылы
«Бөгенбай» ауылы
2 кезең.
1. Наурызша дегеніміз не? (Наурызша- Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар
түседі . Оны халық наурызша деп атайды.
2. Наурызнама дегеніміз не? ( Наурызнама –
3. шат – шадыманды ойын сауық той. Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады)
4. Наурыз шешек дегеніміз не? (Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі гүлді , қауашақты
әсем өсімдік)
5. Наурызек дегеніміз не? (Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы)
6. Наурыз төл дегеніміз не? (Наурыз айында мал төлдей бастайды . Олар «наурыз төлі» деп
атайды.
7. Отамалы дегеніміз не? (Отамалы 15- наурызда кіріп 17-наурызда шығатын амал. )
8. Үт дегеніміз не? (Саңылау, тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын қазақ «үт
кірді» жеп есептейді.
9. Наурыз көже дегеніміз не? (Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған тағам.)
3. Мәтінмен жұмыс «Біреуі үйде, бесеуі қонақта»
«Наурызбай» ауылы
Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
«Бөгенбай» ауылы Наурыз тарихы
Сергіту сәті «Ақбұлақ»
«Салт – дәстүріңді білесің бе?»
4. «Тұсау кесу» деген- ерекше бір ырым. «Бесік той», «Қырқынан шғару» , «Шілдехана» жарық
дүниенің есігін ашудың алғашқы қадамдары болса,«Тұсау кесу» ырымы өмірге аяқ басып аттаған
алғашқы қадамдарының бірі болып табылады,
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын! Осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп баланың аяғына мыналарды
байлайды.
Ішекпен байлағаным- малды болсын, тоқ болсын деген ниетім. Көк шөппен байлағаным-
жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп өнсін дегенім. Ала жіппен байлағаным – өмірдің ақ –
қарасын айыра біліп , адаспай түзу жолмен жүріп, адал , ақ болсын дегенім.
(Тұсауын кеседі, тұсауы кесілген баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып жібереді)
Тәй , тәй, тәй, тәй!
Қаз , қаз балам қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз , қаз балам қаз балам,
Тақымыңды жаз балам,
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың! (Беліңдегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады)
Тойға шашу шашылсын,
Халқымның нұры тасысын.
Ұлыс оң болсын.
Ұйқыашар, селтеткізер
Той мерекелерде, яғни Наурыз алдындағы түнде қыз – келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын
деп жақсы тағамдардан «Ұйқыашар» деген тамақ дайындайды. «Ұйқыашар» қыз , жігіттердің бір
– біріне деген сыйластықтары мен достықтарын арттыра түсуге себепші болған.
«Селтеткізер» «Ұйқыашар» дайындап өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған
бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, айна, тарақ сияқты ескерткіш сый –сияпат
ұсынады. Ол жігіттің ойын сезген сезімтал қыздар әрине елең ете қалады. Сондықтан бұл сый
«Селтеткізер» деп аталады.
5. Мақал – мәтел жарысы
1. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем берер,
2. Қуыс үйден құр шықпа
3.Сыйлап берген су , сатып алған балдан артық
4. Сыйға сый, сыраға бал
5. Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не
жетер
6. Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса
алдырар
7. Бірлік түбі- тірлік
8. Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.
9. Тау мен тау кездеспес, адаммен адам кездеседі.
10. Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер
6.Ұлттық тағам
1. Бауырсақ
2. Наурызкөже
7. Ең үздік бата
1. Ұлыс оң болсын,
Бестік баға мол болсын.
Денсаулықтарын зор болсын,
Көйлектерін көк болсын,
Қарындарын тоқ болсын.
Қуаныш шаттық көп болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын.
Тілек етіп ұшырсын,
Ыстық ұя мектебің.
Келешегі елімнің ,
Көкжиегі көгімнің,
Азамат боп саналып,
Биіктерден көрінгін.
2. Уа , құдайым оңдатып,
Қызыр бабам қолдатып,
Келіп жеткен сағынта
Жаңа жылда жарылқа.
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің ,
Тату болсын арамыз.
Жамандыққа баспайық,
Қиындықтан қашпайық.
Еркелікті тастайық,
Жаңа бір іс бастайық.
Күнделікке жолатпай,
Екілікті жасқайық!
Ән «Наурыз думан»
Осымен сабағымызды аяқталды . Сау
болыңыздар.

More Related Content

Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз

  • 1. Күні: 16.03.2016 жыл Тақырыбы: Жыл басы – Наурыз,мол болсындәм – тұз Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру , халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Оқушыларды адамгершілікке , парасаттылыққа, шапшаңдыққа , Отанын сүюге тәрбиелейу, үйрету. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қазақтың ұлттық киімдері , бейнеролик, тұсау кесуге арналған ала жіп, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Әдісі: Сайыс Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7 сыныпта өткелі тұрған тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып , Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын ақ мол болсын, Ұйымдастыру Тренинг: «Құбыр» Топқа бөлу: «Наурызбай» ауылы, «Бөгенбай» ауылы Шарты : Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қима қағаз таңдау арқылы екі топқа бөлінеді. Бейнеролик «Наурыз –жыл басы» Сайыс шарттарымен таныстыру: 1.Таныстыру «Синквин» әдісі 1. Зат есім 2. Сын есім 3. Етістік 4. Синоним 2.Сұрақ – жауап «Арқан тарту» әдісі 3. Мәтінмен жұмыс «Біреуі үйде, бесеуі қонақта» 4. «Салт – дәстүріңді білесің бе?» тұсау кесу, ұйқыашар, селтеткізер көрсету 5. Мақал – мәтел жарысы 6.Ұлттық тағам (Наурызкөже, бауырсақ) 7. Ең үздік бата . Бата беру 1 кезең : Таныстыру
  • 2. «Наурызбай» ауылы «Бөгенбай» ауылы 2 кезең. 1. Наурызша дегеніміз не? (Наурызша- Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі . Оны халық наурызша деп атайды. 2. Наурызнама дегеніміз не? ( Наурызнама – 3. шат – шадыманды ойын сауық той. Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады) 4. Наурыз шешек дегеніміз не? (Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі гүлді , қауашақты әсем өсімдік) 5. Наурызек дегеніміз не? (Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы) 6. Наурыз төл дегеніміз не? (Наурыз айында мал төлдей бастайды . Олар «наурыз төлі» деп атайды. 7. Отамалы дегеніміз не? (Отамалы 15- наурызда кіріп 17-наурызда шығатын амал. ) 8. Үт дегеніміз не? (Саңылау, тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын қазақ «үт кірді» жеп есептейді. 9. Наурыз көже дегеніміз не? (Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған тағам.) 3. Мәтінмен жұмыс «Біреуі үйде, бесеуі қонақта» «Наурызбай» ауылы Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі «Бөгенбай» ауылы Наурыз тарихы
  • 3. Сергіту сәті «Ақбұлақ» «Салт – дәстүріңді білесің бе?» 4. «Тұсау кесу» деген- ерекше бір ырым. «Бесік той», «Қырқынан шғару» , «Шілдехана» жарық дүниенің есігін ашудың алғашқы қадамдары болса,«Тұсау кесу» ырымы өмірге аяқ басып аттаған алғашқы қадамдарының бірі болып табылады, Беліңе қалта байладым, Дәулетіңді асырсын, Ішіне тәтті сайладым, Қиындықты қашырсын! Осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп баланың аяғына мыналарды байлайды. Ішекпен байлағаным- малды болсын, тоқ болсын деген ниетім. Көк шөппен байлағаным- жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп өнсін дегенім. Ала жіппен байлағаным – өмірдің ақ – қарасын айыра біліп , адаспай түзу жолмен жүріп, адал , ақ болсын дегенім. (Тұсауын кеседі, тұсауы кесілген баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып жібереді) Тәй , тәй, тәй, тәй! Қаз , қаз балам қаз балам, Қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін. Қаз , қаз балам қаз балам, Тақымыңды жаз балам, Қадамыңа қарайық, Басқаныңды санайық. Жолың болсын деселік, Жолыңа нұр төселік. Қаз баса ғой қарағым, Құтты болсын қадамың! (Беліңдегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады) Тойға шашу шашылсын, Халқымның нұры тасысын. Ұлыс оң болсын. Ұйқыашар, селтеткізер Той мерекелерде, яғни Наурыз алдындағы түнде қыз – келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдардан «Ұйқыашар» деген тамақ дайындайды. «Ұйқыашар» қыз , жігіттердің бір – біріне деген сыйластықтары мен достықтарын арттыра түсуге себепші болған. «Селтеткізер» «Ұйқыашар» дайындап өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, айна, тарақ сияқты ескерткіш сый –сияпат ұсынады. Ол жігіттің ойын сезген сезімтал қыздар әрине елең ете қалады. Сондықтан бұл сый «Селтеткізер» деп аталады. 5. Мақал – мәтел жарысы 1. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем берер, 2. Қуыс үйден құр шықпа 3.Сыйлап берген су , сатып алған балдан артық 4. Сыйға сый, сыраға бал 5. Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер 6. Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар 7. Бірлік түбі- тірлік
  • 4. 8. Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады. 9. Тау мен тау кездеспес, адаммен адам кездеседі. 10. Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер 6.Ұлттық тағам 1. Бауырсақ 2. Наурызкөже 7. Ең үздік бата 1. Ұлыс оң болсын, Бестік баға мол болсын. Денсаулықтарын зор болсын, Көйлектерін көк болсын, Қарындарын тоқ болсын. Қуаныш шаттық көп болсын, Қайғы уайым жоқ болсын. Тілек етіп ұшырсын, Ыстық ұя мектебің. Келешегі елімнің , Көкжиегі көгімнің, Азамат боп саналып, Биіктерден көрінгін. 2. Уа , құдайым оңдатып, Қызыр бабам қолдатып, Келіп жеткен сағынта Жаңа жылда жарылқа. Ойға толып санамыз, Бестік болып бағамыз. Баласындай бір үйдің , Тату болсын арамыз. Жамандыққа баспайық, Қиындықтан қашпайық. Еркелікті тастайық, Жаңа бір іс бастайық. Күнделікке жолатпай, Екілікті жасқайық! Ән «Наурыз думан» Осымен сабағымызды аяқталды . Сау болыңыздар.