Қарағанды облысының мәдени нысандары мен тарихи-мәдени ескерткіштері
1 of 20
Download to read offline
More Related Content
геокешинг ойыны 2
1. Бұл театр өз жылнамасын 1932
жылы жұмысшы жастар театры болып
бастады. Қазіргі кезде Қазақстанның
жетекші ұжымдарының бірі, көптеген
театр фестивальдарының жеңімпазы, әр
түрлі конкурстар мен фестивальдарда
театр талай мәрте жоғары марапаттарға
ие болды.
3. Бұл ғимарат – Қарағандының
басты құндылықтарының бірі. 1940
жылы салынып бітіп, 1952 жылы
пайдалануға берілген. Бұнда барлық
маңызды мерекелер тойланады.
Сарайдың негізгі кіре берісі үш
сызықтық симметриялық
композициядан тұрады. Антаблемент
алты скульптурамен безендірілген:
кенші, құрылысшы, қозы ұстаған
қойшы, бидай масақтарын ұстаған
колхозшы, домбыра ұстаған ақын және
жауынгер бейнелері бой түзеген.
5. Бұл ғимарат жергілікті
архитектор Александра Георгиевич
Бойковтың жобасы негізінде дүниеге
келді, оның құрылысы 1975 жылы
басталған. Толықтай мәрмәр тастан
салуға жеті жыл уақыт кеткен, алғаш
рет көрермендерге ғимараттың есігі
1983 жылдың 14 ақпанында айқара
ашылды. Ғимараттың ерекшелігі
шатырына «шар үстіндегі қыз бала»
скульптурасы орналастырылған.
7. Бұл ғимаратта өлке тарихының
ерте заманнан осы уақытқа дейінгі
көптеген куәгер жәдігерлер сақталған,
олар: палеонтология бойынша бағалы
материалдар, археология, этнография,
сәндік-қолданбалы өнер, нумизматика,
бағалы сирек кітаптар, құжаттар мен
фотоматериалдар.
9. Бұл мұражай ғимаратының баламасы
жоқ, ол заманауи талаптарға сай
орындалған. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы
мен қалыптасуының маңызды кезеңдері
және Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті Н.Назарбаевтың өмірі мен
қызметі, Қарағанды облысы мен Теміртау
қаласының тарихы жайлы сыр шертетін
мұражай экспозициялары көрме залының
көркін келтіріп өте жарасымды орналасқан.
Мұрағат материалдары, кино және фото
құжаттар, бейнелеу және сәндік
қолданбалы өнер туындылары.
11. Бұл мұражай Қазақстан
территориясында орналасқан еңбекпен
түзету лагерлері құрбандарының рухына
тағзым ету және тарихи ескерткіштерін
зерттеп сақтау мақсатында ашылған.
Мұражай НКВД Басқармасының бұрынғы
ғимаратында орналасқан. Ғимараттың
жалпы ауданы 3326,6 ш.м. Жалпы
жәдігерлер саны – 3825 бірлік, оның
ішіндегі 1460 жәдігер негізгі қорды
құрайды. Тұтқын кереуеті; темір пеш;
Карлаг тұтқынының тұрмыстық заттары;
ХХ ғ. 30–60 жылдардағы оқиғаларды
жазған Карлаг тұтқынының күнделік
жазбасы; тұтқындардың фотосуреттері
мен құжаттары мұражайдың бірегей
жиынтық жәдігерлері.
13. Бұл ғимаратта орналасқан
мекеменің қалыптасып жетілуі
Қарағанды көмір бассейінімен,
Қарағанды қаласының қалыптасып
дамуымен тікелей байланысты.
Облыстық әлеуметтік-
экономикалық инфрақұрылымдық
даму мекеменің қалыптасып
дамуына әсер етті. Әлеуметтік
институт ретінде мекеменің негізгі
қызметтері - ақпараттық, білім
беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді
өткізу.
15. Бұл мешіт ғимараты 1849-1853 жылдары
салынған болатын. Қос қабатты мешіт ағаштан
қаланған. Ені 15, ұзындығы 11м, ұзындығы 6 метрді
құрайды. Алғашқы беті сақталмаған. Қасында
кірпіштен қаланған қосымша ғимараттар бой
көтерген.
17. Бұл кесене моңғол шапқыншылығынан
кейін қыпшақ даласында құрылған жаңа
мемлекеттің негізін салушы, атақты Шыңғыс
ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен
туған төрт ұлдың үлкеніне салынған. Кесене
тікбұрышты пішінді, сүйір аркасы бар
портал. Композициясы бойынша екі күмбезі
бар порталды-күмбезді құрылыс. Сыртқы
сәнді күмбез көгілдір глазурь тақталарымен
қапталған және сондай көк тақтамен
қапталған он жетінші барабанда орнатылған.
Ішкі жартылай сфералық күмбез шеңбер
қатарлармен сұйықтыққа төселген.
Қабырғалар тегіс, сыланбаған. Еденге шаршы
кірпіштер төселген.. Жалпы биіктігі 8м.
19. Мазар халық шеберлерінің қолымен
XI-XII ғасырларда аты аңызға айналған
қазақ жүздерінің негізін қалаушы ханның
құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың
үш жүзінің пайда болуымен тікелей
байланысты. Мазар төрт бұрышты етіп
қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді.
Сыртқы қабырғалары төртбұрышты, ромб
пен үшбұрыш тәрізді қыш қалауымен
әшекейленген, ал басты қасбеті күйдірген
сары сазбен безендерілген. Сырт көрінісі
кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен
қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс
бетінде шығыс кілемнің суретімен
безендірілген. Ғимарат биіктігі 10м..