Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың
2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР
1 of 4
Download to read offline
More Related Content
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР
1. Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың
2017 жылғы 7 ақпанда ӛткен халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен
сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР
1. Сарсенова Ш.- «Нұртас» шағын ауданы, Гүлдала кӛшесінің т.б. тұрғындары
Сұрақ: «Нұртас» елді мекенінде электржүйесін жүргізу жұмыстары аяқталды» - деп айтылды. Ал, осы
шағын ауданында Гүлдала, Құлагер көшелері әлі жекеменшікке қарайды. Кернеулігі (напряжение) кешкі кезде өте
төмен, көп өшеді, бағасы қымбат.
Жауап: 2011 жылы «Нұртас» шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша құрылыс
жұмыстарының 1-кезеңі жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған. Алайда, Гүлдала және Құлагер көшелері жұмыс
жобасына енбеген.
Қазіргі таңда, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан «Қайтпас-1», «Нұртас» шағын
аудандарын электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысы 2-кезең» нысаны бойынша құрылыс жұмыстарына қаржы
қаралып, мердігер мекеме «Южказэнергоремонт» ЖШС-мен ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жұмыстар
жүргізілуде. Аталған жұмыс жобасында Гүлдала, Құлагер көшелерін электр қуатымен қамтамасыз ету қаралған.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан 2018 жылға өтпелі.
Сұрақ: Гүлдала көшесі өзі тар, екі машина қатар әзер жүреді. Канализация жүргізілген кезінде асфальттың
біраз бөлігі бүлінді, осы көше қайта орнына келтіріле ма?
Жауап: «Нұртас» шағын ауданы Гулдала көшесіне кәріз жүйелерін жүргізген мердігер мекеме «Шебер» ЖШС-гі
тарапынан қазба жұмыстарын атқарған көшелерде қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
Сұрақ: Гүлдала көшесі бойынша тротуар жоқ.
Жауап: «Нұртас» шағын ауданындағы Гүлдала көшесі жалғасына аяқ жол салу жұмыстары қазіргі таңда
атқарылды.
2. 2. Оразбаев Қындыбай - «Достық» шағын ауданының тұрғыны
Сұрақ: Бізге трансформатор керек, Ілтипат көшесіндегі трансформаторға ауырлық түсіп, өртеніп кетті.
Бір трансформатор 490 отбасына жұмыс істеп тұр, негізінде 250 үйге лайық. Соған трансформатор қойып
берсеңіздер.
Жауап: «Достық» шағын ауданын электрқуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Jer Group» ЖШС-і тарапынан
жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындылары жыл соңына дейін алынып, құрылыс
жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беріледі.
3. Айнабекова Роза- «Таскен» елді мекенінің тұрғыны
Сұрақ: Көшемізге тас жол салу.
Жауап: 2017 жылға «Таскен» елді мекенінің көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлініп,
қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
4-5. Молдасеитов Қайрат - «Отау Груп» компаниясының президенті, облыстық мәслихатының депутаты
Сұрақ: Қаладағы көлік қозғалысын, әсіресе қоғамдық көлік қозғалысын тәртіпке шақырсаңыздар.
Мәдібеков Талдыбек- «Тассай» тұрғын алабының орам басқарушысы
Сұрақ: Қаладағы қоғамдық көліктердің жағдайы және қызмет көрсету сапасы өте төмен. Автобустар бір-
бірімен жарысады, кондукторлар дөрекі сөйлейді, билеттер берілмейді. Осы жағдай қашан ретке келтіріледі?
Жауап: Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан
қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы тұрақты бақылануда. 2017 жылғы 10 ақпанда «Шымкент қаласындағы қоғамдық
көлік бағыттарының жұмысын бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» түзіліп, қала әкімінің
орынбасарымен бекітілген.
Аталған іс-шара жоспарына сәйкес кешкі уақыттарда қозғалыс жиілігі төмен болған және басқа да
кемшіліктерге жол берген тасымалдаушы компанияларға ескерту хаттар беріліп, 5 бағыт бойынша шарттар
бұзылды.
6. Кенжебеков Оразгелді - «Мәртӛбе» тұрғын алабының тұрғыны
Сұрақ: «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды уақытылы аяқтау,
көшелердегі қазылған жерлерді ретке келтіру.
Жауап: «Мәртөбе» тұрғын алабындағы ауыз су жүйелері «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-мен жаңғырту
бағдарламасы аясында жаңартылды. Орын алған кемшіліктер бүгінгі таңда толығымен ретке келтірілді.
3. 7. Бердібеков Есқара – Мелдеқожаев кӛшесінің тӛрағасы
Сұрақ: Көктем, күз мезгілдерінде жауын-шашын сулары Мелдеқожаев көшесінің бойындағы үйлерге кіріп,
апатты жағдай туындатуда. Өтініш, осы мәселені шешіп берсеңіз.
Жауап: Мелдеқожаев көшесіне ирригациялық лоток салу жұмыстарына қаржы қаралып, 1020м ирригациялық
лотоктар салынды. Нәтижесінде, жауын шашын кезінде жиналатын суды сол жерден өтетін Қошқар ата өзеніне
бағыттау орындалды.
8. Мендетеева Клара – Қошқар ата кӛшесінің басқарушысы
Сұрақ: Қошқар ата көшесінде ирригациялық арық жүйесінің болмауы салдарынан жоғарыдан аққан жауын-
шашын сулары және өзенге қосылмай қалып қойған бұлақ көздерінен аққан су көшеге жиналып, тұрғындардың
жүріп тұруына қолайсыздықтар тудыруда. Сізден Қошқар ата көшесіне өзенінің бойына жол салу, ирригация
жүйелерін жүргізу мәселелерін шешіп беруіңізді сұраймын.
Жауап: 2016 жылы Қошқар ата көшесіне 280 м ирригациялық лоток салу жұмыстарына қаржы қаралып, бүгінгі
таңға жұмыстар атқарылды. Сметалық құжаттамаларға сәйкес, Тәшенев көшесінен бастап ағатын жауын шашын
суларын өзенге бағыттау жұмыстары орындалды.
9. Кенжебаева Б. - зейнеткер, «Ынтымақ» шағын ауданы тұрғындарының атынан
Сұрақ: Үш жыл бұрын жолға азырақ тас төсеткен болатынбыз. Өткен жылы су құбырларын жүргізіп,
жолымыз бұзылды. Үш айдан кейін құбырларын жауып, тағы жолды жөндемей кетті. Қазіргі кезде 500-дей метр
жердегі Темірлан тас жолына жету үшін батпаққа түсіп шығамыз. Жолымызға асфальт төсеп беруге ықпал
жасауыңызды өтінеміз.
Жауап: «Шымкент қаласы, «Қызылжар» және «Ынтымақ» шағын аудандарын сумен қамтамасыз ету
құрылысы» нысаны бойынша бюджеттен қаржы қаралып, жобасына сәйкес шағын аудандағы 2700 абонентті
сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңға құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып,
нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Мердігер мекеме
тарапынан құрылыс жұмыстары барысында қазылған асфальт және топырақ қабаттары қалпына келтірілді.
«Ынтымақ» шағын ауданының көшелерін асфальттау жұмыстары жер асты коммуналдық жүйелері (газ, су,
кәріз) толық жүргізілгеннен кейін қарастырылады.
Шымкент қаласының шағын аудандары мен тұрғын алабтарын инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету
мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік даму бағдарламасына сәйкес, «Ынтымақ» шағын ауданын
4. табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу 2017 жылы,
ал, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету - 2019 жылы жоспарға қойылған.
10. Гулманов Бегалы – қала тұрғыны
Сұрақ: «Шаңырақ» тұрғын алабында мектеп құрылысы қашан басталады?
Жауап: «Шаңырақ» тұрғын алабында 600 орындық мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар
дайындалып, облыстық бюджеттен қаржы қаралды. 2017 жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары басталып,
2018 жылы аталған мектепті пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
11. Ӛтеген Жанысбек – «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің тӛрағасы
Сұрақ: Қаладағы темір жол вокзалы, военкомат, қырғы базар аумақтарында екі қатар такси, екі қатар
автобус тұрады, машинамен өте алмайсын, тығылыс. Осы мәселені ретке келтірсеңіздер.
Жауап: Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметіне қарасты ЖППП-нің басшылары мен рота командирлеріне
нұсқау беріліп, орналастыру жоспарына аталған орындар ерекше назарға алынды. Жол кептелісін болдырмау және
жол қозғалысын реттеу мақсатында ЖППП-нің қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жол
қозғалысының ережелері бұзылған жағдайда автокөлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сай, әкімшілік
хаттамалар толтырылуда. Атқарылған іс-шаралар барысында 264 құқықбұзушылықтар анықталып,
автокөлік жүргізушілеріне хатамалар толтырылды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 601 бабы, 1-бөлігімен 221
хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 597 бабы, 1-бөлігімен 43 хаттама және басқа да баптар бойынша әкімшілік хаттамалар
толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.