2. Жалпы желі - бүкіл әлемдегі компьютерлерді
байланыстырады және ол Интернет деп аталады.
Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама
ақпараттар сақталған десеңізші? Интернеттен әлемнің
барлық тілінде жазылған кез-келген акпаратты табуға
болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға,
қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға,
виртуальды турларға қатысуға болады және т.б.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолушылар
немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар
бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатын -
Іпtегпеt Ехрloгег
3. Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін
енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме
(гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет,
фотосуреттер сілтеме (гиперссылка) бола алады.
Сілтеме(гиперссылка) бар екенін қалай білуге болады?
Тышқанның меңзерін мәтінге, суретке немесе
фотосуретке әкелген кезде сілтеме (гиперссылка) бар
жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған
саусақты қолдың суретіне ауысады.
4. Сілтеме (гиперссылка) бойынша бір беттен басқа бетке
өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:
Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын
басамыз
Беттің жүктелуін тосамыз
Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы
глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында
жүктеу индикаторы пайда болады.
5. Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін
жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және
компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін
тездетті.
Электрондық пошта арқылы мәтіндік,
графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге
болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді.
Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы
минуттарда немесе секундтарда алуға болады.
Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске
қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.
Электрондық хаттар жазу және оқуға арналған
бағдарламалардың бірі - Оutlоок Ехргеss
Электрондық поштаның стандартты пошталық
бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау
үшін қолданылады.
6. Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық
қабылданған хабарлар орналасады.
Шығатындар (Исходящие). Жазылған және
жіберілген хаттар осы бумада орналасады.
Өшірілгендер (Удаленные). Кез-келген бумадан
өшірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.
Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар
бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп
орналасады.
Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған
хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады,
және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында
сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады.
Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әргүрлі
әрекеттерді орындауға болады.
7. Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл -
Печатъ - ОК командасын орындау арқылы
Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты
алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа
қабылдаушыға жіберуге болады.
Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды сақтауға
болады, ол үшін Файл -Сохранитъ как командасын
орындаймыз.
Кейде поштаға хаттар ішіне салынған
файлдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файлдар,
графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар
болуы мұмкін. Егер кабылданған хатта ішіне салынған
файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай
түйреуіштің суреті керсетіледі.
8. Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл -
Сохранитъ вложения немесе Файл -Сохранитъ
вложения - Все командаларын орындаймыз сол кезде
бекітілген файлды сақтайтын буманы таңдау терезесі
пайда болады.
Жаңа хат жазу немесе жіберу үшін оны жіберетін
мекен жайдың адресін білу керек.
Хат жазу үшін құралдар тақтасындағы Создатъ
сообщение батырмасын басамыз немесе Сообщение -
Создатъ командасын орындаймыз. Одан кейін адресін,
такырыбын, хаттың мәтінін жазамыз, түйреуіштің
суретіне басу арқылы қажетінше файлдар коямыз.
Хатты жіберу үшін құралдар тақтасындағы
Отправитъ сообщение батырмасына басамыз немесе
Файл - Отправитъ командасын орындаймыз.