Презентация, посвященная Герою Советского Союза М.Мамраеву, к 70-летию Победы. Фотографии из семейного архива Мамраева предоставлены карагандинской областной библиотеке им.Н.В.Гоголя
2. Мартбекпен амандасқанда
Аспанда басы бұлтқа теңелген жер,
Сүйсініп еріне елі кенелген жер.
Жазылған шежіреге аты алтынмен,
Нүркен мен туып өсіп Мартбектей ер.
Туғызған Қарқаралы, жас партизан
Баламды ақ сұңқар деп атап тұр ел.
Бір толғақта батырды егіз тапқан,
Елімде тағы да көп осындай жер!
Сәлемге келдің, Мартбек, туған жерге,
Кіндік кесіп, кіріңді жуған жерге.
Құрметпен қошеметтеп қарсы алып тұр,
Ер ұлын еркелетіп ел де, жер де.
Бір қысып құшағыма қолыңды алмай,
Мен қалай шыдап тұрам көз көргенде?!
Бірі едің жүрген көптің күні кеше,
Ел таный ма ерлігің көрінбесе?!
Жауларға жай түсіріп жарқылдап ең,
Білмейтін жан қалған жоқ Мартбек десе.
Жасасын көріктене гүлдей жайнап,
Сіздердей елге ұл тауып берген шеше.
Қажымай қайрат етіп қамал бұзып,
Алдыңнан жапырыла жау қашқанда;
Сүйсініп шын жүрекпен сүйген елдің,
Бір шықты көтеріліп белі аспанға.
Ерекше ерлігіңе ел таңырқап,
Атағың Ұлы Отанға тегіс тарап,
Мақтаныш туған елің етіп тұрмыз,
Ардақтап бір басыңды мыңға балап.
Ісіне ие болған ежелгі ердің,
Қорғаған қас жауынан туған елін,
Өрлесін, атақ даңқы өсе берсін
Баулыған батырлары кемегердің! Қайып Айнабеков 1944 жыл
4. Көзіңнің күлмейтұғын
бір қиығы
Тәрізді Днепрдің
тұңғиығы.
Днепр астаң-кестең
көпір еді,
Сапырған оқ нөсері,
түн құйыны.
Күз түні тас қараңғы
ала бөтен,
Сал есіп сіз келесіз,
тоба, көкем!..
Жартастай қалың
жауға салмен кіру,
Мұндайда, шіркін,
ерлік болады екен.