1. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Кеңес ӛкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында
қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз
сызылып тасталған тұлғалардың бірі –
Мағжан Жұмабаев.
Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары
да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға
ұшырады.
Азат ӛмірді, халқының тәуелсіз ел болған
қалпын кӛруге ұмтылған, сол жолда
білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен
де күресіп ӛткен қайраткер ақынның тағдыры
аса күрделі белестерді бастан кешірді.
2. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Өмір жолы.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік
Қазақстан облысының бүгінде ӛз есімімен
аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар
отбасында дүниеге келеді.
Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы
мұғалімнен оқып, сауатын ашады.
3. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Өмір жолы.
1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл)
қаласындағы медреседе оқиды.
Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс
алады, шығыс ақындарының жырларымен
танысады.
4. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Өмір жолы.
Ӛзі де әдебиетпен шұғылданады.
1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы
Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады.
1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер
семинариясында оқиды.
5. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Өмір жолы.
Омбыдан елге қайтып келіп, айналасында
болып жатқан қоғамдық жұмыстарға
араласады.
1917 жылдың кӛктемінде Ақмола облыстық
халық ағарту бӛліміне қызметке кіреді. Алаш
партиясының жұмысына араласады.
6. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Өмір жолы.
Ақмола губерниялық "Бостандық туы"
газетінде жұмыс істейді.
1922 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол"
газетінің редакциясына кіреді.
7. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Өмір жолы.
1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиеткӛркемӛнер институтында оқиды.
1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен
айналысады.
Бірақ кӛп ұзамай Мәскеуде оқып жүргенде
"Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін
тұтқындалып, он жылға сотталады.
8. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Өмір жолы.
1936 жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына
қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында
ұсталып, 1938 жылы "халық жауы" деген
жаламен ату жазасына кесіледі.
9. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Шығармашылық мұрасы.
Мағжанның шығармашылық жолы Қызылжар
қаласында оқып жүргенде басталады.
Бойында әдебиетке деген құштарлықтың
ұшқыны бар жас Мағжанның жүрегіне 1909
жылы Петербург қаласында жарық кӛрген
Абайдың тұңғыш ӛлеңдер жинағы орасан зор
әсерін тигізеді.
10. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Шығармашылық мұрасы.
Абайдың жыры талапкер ақын жүрегіндегі
ұшқынға алау береді Алғашқы жырларын
жазады.
Татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтің
кӛмегімен 1912 жылы Қазан қаласында
Мағжанның "Шолпан" деп аталатын тұңғыш
ӛлеңдер жинағы жарық кӛреді.
1922 жылы Қазанда ақынның таңдамалы
ӛлеңдер жинағы кітап болып шығады.
11. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Шығармашылық мұрасы.
Мағжан – лирикалық ӛлеңдермен қатар
бірнеше кӛркем поэмалар жазған ақын.
Атап айтқанда, "Қойлыбайдың
қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т.б.
поэмалары ақын талантының ерекше қырын
танытады.
12. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Шығармашылық мұрасы.
Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның
қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу
құралдары да кезінде халқының қызметіне
жарап, елеулі мәнге ие болды.
Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер
педагогика саласында бірқатар еңбек жазды.
13. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Шығармашылық мұрасы.
1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап
шығарды.
Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде тӛменгі
сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол"
атты оқулығы жарық кӛреді.
14. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Шығармашылық мұрасы.
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны
болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын
оқуға, жариялауға тыйым салынды.
Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы
үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен
шығармашылық мұрасы толық ақталды.
1989 жылы ақын шығармаларының бір
томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы
жарық кӛрді.