2. Сұлтанмахмұт Торайғыров
O Ӛмірбаяны. Абайдан кейінгі қазақтың жазба
әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше кӛзге
түскен кӛрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт
Торайғыров болды.
O Ол 1893 жылдың 28 қазанында Кӛкшетау облысының
Қызылту ауданында туған.
3. Сұлтанмахмұт Торайғыров
O Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған
кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі
баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт.
O Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі
ӛліп, жетімдікті кӛріп ӛседі.
4. Сұлтанмахмұт Торайғыров
O Әкесі әйелі ӛлген соң балаларын алып, ӛзінің туған
жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына
кӛшеді.
O Ақынның балалық шағы Баянауылда ӛтеді.
Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл
молдаларында оқиды.
5. Сұлтанмахмұт Торайғыров
O 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы
Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан
2-3 жыл сабақ алады.
O Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды
тастап кетеді.
O Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп ӛлең
шығарады.
6. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген
мұғалімнен оқиды.
O Нұрғали жаңаша оқыған, кӛзі ашық, сауатты мұғалім
болған.
O Оның кӛмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар
тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет –
журналдарды оқуға дағдыланады.
O
7. Сұлтанмахмұт Торайғыров
O Ӛзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912
жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли
деген татардың медресесінде оқуға түседі.
O Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ
оқи алмайды.
8. Сұлтанмахмұт Торайғыров
O Қаржының тапшылығынан кӛп қиыншылық
кӛріп, ауруға шалдығады.
O Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала
оқытуға кетеді.
O Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын
түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады.
9. Сұлтанмахмұт Торайғыров
O Ол бала оқытудан бос уақытында, ӛз бетімен оқумен
шұғылданады, ӛлеңдер жазады.
O Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны
Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің
ӛкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп
бағалайды.
O Ол аз ӛмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған)
әлденеше лирикалық ӛлең, ондаған мақала, екі
роман, 5-6 поэма жаңа сатыға кӛтерген, Абайдан
кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.