3. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан
аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО
үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы
наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке
ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып
табылады
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың
республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің
Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В.
Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі
болды.
www.tolekova.jimdo.com
6. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы
Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы)
саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-
дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға
жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ
асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында
алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен
арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің
бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы
бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды
www.tolekova.jimdo.com
8. Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды.
Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар
одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы
үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді.
Олар:
• Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР
территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі
туралы;
• Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік
құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз
территориясында күшін жою құқы;
• ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның
қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да
табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның
территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және
ғылыми-техникалық әулеті туралы:
• Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне
құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне,
халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы
саясатын анықтау туралы.
www.tolekova.jimdo.com
10. "Алматы декларациясы" - 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы
он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8
желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы,
Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы
келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған
Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан,
Тәжікстан, Украина, Беларусь, Молдова, Түрікменстан басшылары қол
қойды. Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге
негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы
пайда болды. ТМД-нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы
державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті
сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен
экономикалық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап
кетуіне қарсы әрекет еді.www.tolekova.jimdo.com
12. Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес
Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды
сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс.
КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат
жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының
бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі
В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ
Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар
одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар
қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің
төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше
жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық
билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді
www.tolekova.jimdo.com
15. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық
жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті
жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық
сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Антиядролық қозғалыстың
күш-жігері арқасында 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы-
нақ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы ядролық сынақ осы
жылдың 19 қазанында жасалды.
www.tolekova.jimdo.com
17. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь
және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы
Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы
келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен
Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін»
қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында
Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова,
Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда
21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол
қойды.
www.tolekova.jimdo.com