ݺߣ

ݺߣShare a Scribd company logo
Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
МҚКК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
Тәрбие сағатының әдістемелік талдамасы.
Тақырыбы: «Экологиялық мәдениет дегеніміз не?» (дәріс)
Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы
Максаты:
Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзіанықтауына саналы
қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын
тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын
қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық
санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның экоэволюциясын қабылдау қабілетін
дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу
Экологиялық мәдениет— жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және
құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық
проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен
сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті
тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік
соулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет
және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп
болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты,
сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ
жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық
қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді.
«Экология» термині грек тілінен «үй туралы» (қоршаған табиғи орта) ілім деп аударылады
да, ол табиғатты қорғаумен байланыстырылады. Ғылыми әдебиеттерде оған «табиғаттың
тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқыпты пайдалану» деген
анықтама беріледі.
Ал экологиялық мәдениетке осы тұрғыдан жауап іздестірсек, онда: қоғам мен табиғаттың
талаптарына адамзаттың білікті берген жауабы арқылы қалыптасатын, нәтижесінде адам мен
табиғаттың арасындағы еркін (залал келтірмейтін) қатынастардан туындайтын мәдениет –
экологиялық мәдениет деп сенімді түрде қорытынды жасауға болады.
Өйткені, «мәдениет дегеніміздің өзі – адамдардың өздерін қоршаған табиғи және әлеуметтік
аяны өзгертіп, сол екі ортада өздерін де өзгерте білу қабілеті. Ендеше, әрбір мәдениет-
дербестіктің ар жағында белгілі бір табиғи ортада тарихи қалыптасқан қауымның күн
көрісіндегі тұрақтанған дәстүрлі қарекеттер болып табылады» (Ә.Кекілбаев, «Заманамен
сұхбат»), немесе «Мәдениет – тіршілік ету күресі жолындағы еңбек-зейнеттен туған,
табиғатпен, адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері, адамның әдет-ғұрыптар мен
заңдарға сүйенген қоғамда қадірін түсірмей тұра білуі, қоғамның басқа қауымдармен қатар
өмір сүре білуі. Мәдениет – ол тарихи тәжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат
етулер мен тыйым салулардың тұтас бір жүйесі» (О.Сүлейменов, «Дүние», №2, 2003).
Қорыта келгенде, туған жердің табиғи болмыс-бітімін танып-түсіну, қоршаған ортамен тіл
табысу, тіптен сол ортамен үндес өмір салтын қалыптастыру халқымыздың ғибрат тұтар
экологиялық мәдениетін дамытып қалыптастырды.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіне дейін қазақ халқының көшпелі өмір салтында болғанын
бәріміз білеміз. Сондықтан, «сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, тіпті жыл
бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін елдің
өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таңғаларлық нәрсе емес.
Даланың сайы, белі, тау-тасы, өзен-көлі – қыр адамы кезінде бір көріп қызықтайтын ғана
көрініс емес, оның ғұмыр кешетін, ұдайы малын бағып, орын теуіп отырған ортасы, мекен-
жайы. Айналасындағы табиғаттың әр сипат-белгісі оның ой-санасында ерекше орын
алады» (З.Ахметов, «Өлең сөздің теориясы»).
Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы
Яғни, ұзақ ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз табиғат құшағында көшіп қонып жүріп,
оның сырын жан-жақты білуге дағдыланған. Осының арқасында халқымыз табиғатпен етене
біртұтас болып кеткен. Кейінгі отырықшы тұрмысқа көшкен кездің өзінде де қанға сіңген
табиғатты сүю қасиеті халқымызды өлкенің нағыз аялаушы қожасы ретінде сақтап келеді.
Адамзат цивилизациясы ғылыми-техникалық дамудың жолына түскенге дейінгі жылдар
бойында (алтын үзікті киіз үйді еуропалық тас сарайға ауыстырып) бұл далада бірыңғай
отырықшы болып ұшпаққа жету мүмкін емес еді. Сондықтан да, мыңдаған жылдар бойы
тірнектеп жинаған өмір тәжірибесі, әсіресе табиғаттың апталық, айлық, маусымдық, жылдық
құбылыстарын терең білудің нәтижесі ұлы дала тұрғындарының арасында астрономиялық,
географиялық, математикалық, гидрометеорологиялық зерденің айрықша дамуына ықпал
етіп, ешкімге ұқсамайтын көшпелілер мәдениетін дүниеге әкелді.
Ол қандай мәдениет? Ол – тағы да қайталап айтсақ, нағыз табиғатты терең тануға, табиғатпен
мінсіз үндесуге негізделген қазақи экологиялық мәдениет! Жаңарса да, жаңғырса да,
олардың авторы данышпан қазақ халқының өзі, сол халық болып қала бермек.
Ата-бабаларымыздың табиғатпен үндескен қағида-тұжырымдарын табиғатты өмірлік
қажетімізге пайдалануда міндетті түрде орындау – біздің баянды өмір сүруіміздің негізгі
болмақ. Біздің мақсатымыз да осы ата-бабаның асыл қасиетінің ұрпақтан-
ұрпаққа жетуіне көмектесу. Бұл бағытта әңгімені қалай өрістетсек те оған тарихи негіз бар.
Ал тарих дегеніміз – бұлтартпас шындық.
Мысалы, әрідегі қазақ фольклорын алайық. Онда жаратылыстың әртүрлі көріністері туралы,
неше түрлі формадағы тастар мен шың-құздар жайлы, сондай-ақ сырт түрімен ерекшеленетін
тау, шоқы, өзен-көлдер, жан-жануарлар, т.б. жайында ертегіден бастап, небір әдемі аңыздар
мен әңгімелер жан-жақты көрініс тапқан.
Айталық, найзағайдың жарқылы, күн күркіреуі, құйын секілді табиғат құбылыстарына
қазақтар ерекше қасиет берген. Көктемде алғаш рет күн күркіреп, найзағай ойнағанда
қазақтар қолындағы ожаумен киіз үйден жүгіріп шығып, үйді айнала ожаумен ұрғылап: «Сүт
көп, отын аз», - деп кейін үйге кіріп ожауын есік алдындағы керегеге қадаған. Мұның бәрі
сүттің көп болып, мал басының көбеюін тілеген жақсылық тілектен пайда болған. Егер ұзақ
мезгіл күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жаумаса, қазақтар тасаттық жасап, мал сойып,
тәңірге құлшылық еткен, немесе олардың тәңірі – көк аспан, құдіреті – көктегі күн болған
(күнге киіз үй есігін қаратып тігу). Бұлар табиғатты өмірдің тірегі ретінде түсінудің
ашық көрінісі.
Қазақтардың отағасы деп үй иесін атауы, «отың өшсін» деп қарғауы, «отбасы» деп Отанын,
үйін атауы; отқа түкірмей, от жаққан жерді баспауы оттың зор қасиеттілігін ұқтырады. Мал
төлдеп жатқанда, сондай-ақ әйел босанып, баланың кіндігі түскенше басқаларға от бермеген,
үйден от алып шықпаған. Жаңа түскен келін босағадан аттарда басынан от айналдырып, отқа
май тастайды, «от ана» жарылқа деп жалбарынған. Бұлай еткенде жаңа түскен келін әзәзілдің
тіліне ермейді, сол босағаға шын беріледі деп ұғынған.
Бұларды ұлттық экологиялық мәдениетіміздің қалыптасуындағы алғашқы
баспалдақтар десек, поляк революционері Б.Залескийдің «Қазақ даласының тіршілік
тынысы» очеркіндегі: қазақтар дала сырына жетік, түн баласы жұлдыздарға қарап бағыт
алады... жұлдыздай жарқыраған сарғалдақтармен араласа... қалың құс өзен-көлдердің бетін
жауып... бұлақтар мен жылғалардың жағасын жасыл түске бояп... түрлі шөптердің хош иісі,
бұрқыраған мөлдір ауасы адамды мас қылардай... шегі жоқ көкжиек... құмды дауыл тұрған
кезде... ойнақ салған қарлы бораны... дарияның айналасына өскен қалың тоғай қайнаған
тіршілігімен ерекшеленер еді, ... даланың өзінің өсімдіктер дүниесі, жануарлар әлемі бар.
Қазақтар оның бәрін де жеке-жеке атау (облысымыздағы Қарақұм, Қызылқұм, Сексеуіл,
Құланды, Аралқұм, Сарыкөл, Қарашеңгел, Бозкөл, Қаракөл, Иіркөл, Ақжар, Аққыр,
Жаңадария, Қоғалыкөл, Бестораңғыл, Жиделіарық, Жуантөбе, Қосүйеңкі, Ақұйық,
Сарықамыс. - Қ.Ш.) беріп қойған және де дала қарияларының бәрін де білгір ботаниктер десе
Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы
болғандай... түйеге мінген қазақтардың ырғаң-ырғаң жүрісін теңіздің кемені шайқауына
баласақ, жұлдыздарға қарап бағдар анықтайтын олардың өткір жанарлары бақылау
трубасына қараған теңізшідей», - деп суреттеуі – экологиялық мәдениетіміздің келесі даму
сатыларының дәлелі.
ТАБИҒАТ ҚҰПИЯСЫН ТАНУ
Ата-бабаларымыз тіпті аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын аңғарып,
құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата ұрпақтың пайымдауы бойынша мысалы, шағалалар
көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ балықтар су
бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады. Ашық күнде
қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірткелер
шырылын тоқтатып, жым-жылас болып айналада тыныштық орнаса, онда жеделғабыл
жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа жосылып кете бастаса,
немесе сексеуіл тоғайы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде көп ұзамай боран соғады,
көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады, күн батарда аспанның
солтүстігі қоңырқай тартса жел тұрады; күн бұлтқа батса, келесі күні жауын-шашын болады-
, ашық батса – күн ашық болады.
«Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деп олардың орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа
райы туралы болжау; үркерге қарап уақыт белгілеп, күзетшілердің кезегін ауыстыру;
темірқазыққа қарап жолаушының түнгі бағытын айқындауы; желмаясын желдіртіп халқына
Жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыздың әр өңірдің қадір-қасиетін қапысыз айтқан: «Алты
күнге ат семіртіп мінетін жер екен», «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған» сөздері
- табиғатпен тіл табысудың ең бір үлкен айғағы, қалыптасқан экологиялық мәдениеттің
қағидалары.
Табиғаттың бұндай жұмбақ көріністерімен қазақ балалары ерте кезде-ақ ес біле таныс
болған, жоғарыдағыдай тіршілік тәжірибе-шешімдерін болашақтан-болашаққа
жалғастырып, тиімді қимыл-әрекеттерге барған. Мысалы, «пішенді салқында шап, қойды
салқында бақ», «қой жайын көздесең құмға көш, сиыр жайын көздесең сырға көш»,
«жазғытұрғы жел жардай атанды жығады», «көбік қарда түлкі ойнар, көк көрпеде жылқы
ойнар», «түйе – шөл кемесі», «үркер үйден көрінсе үш ай тоқсан қысың бар, үркер іңірде
жанбасқа келсе жаз шықпаған несі бар», «сәуір болмай жауын болмас, жауын болмай тәуір
болмас», «бұлбұл мен гүл мінездес: екеуі де күнді аңдиды», «сулы жер - нулы жер», «шөлге
құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен - адамгершіліктің үш сауабы» екенін
айтып, шыбын-шіркейдің дала жусаны өскен жерде болмайтынын, қарақұрт пен қырық-
аяқтың қой жүнінің иісінен сескенетінін, сондықтан төсек салса жусанды жерге киіз төсеп
шыбын-шіркей, құрт-құмырсқадан қауіптенбей жата берген. Осылайша қазақ атам өз
жерінің табиғатын, онда болатын құбылыстарды жақсы біліп, осыған орай өз әрекеттерін
алдын ала болжап отырған.
Атадан балаға ғасырлар бойы іс арқылы ұдайы қайталанып жеткен бұл асыл қасиеттерді бір-
бірімізге, ұрпақтарымызға үйрету – халық дәстүрі, экологиялық мәдениетіміздің ажырамас
бөліктері. Айта берсек, атам қазақ тек табиғаттың өзі берген игіліктерімен ғана күн көріп
жүрген шағында жыл мезгілдеріне орай уақыттың маусымдық, айлық межелерін: көктем
шыға, жаздың басында, күз түсе, қар бір жауғанда, қыс ортасында, құралайдың салқыны
кезінде, өліарада, жазғытұрымда, көк шыға, ел жайлауға көшерде, күзекке көтерілгенде,
қыстауға қайтар кезде, т.б., ал қысқа уақыт өлшемдерін: таң алдында, таңсәріде, елең-алаңда,
таң құланиектене, күн шыға, күн көтеріле, күн құрық бойы көтерілгенде, күн арқан бойы
көтерілгенде, түсте, сәске түс, тал түс, талма түс, түс ауа, түс қайта, кешке қарай, кешқұрым,
ақшам кезінде, қас қарая, апақ-сапақта, қызыл іңірде, түнде, түн ортасы, түн ортасы ауа, -
деп белгіленген.
Тіпті кейбір шаруашылық әрекеттерінің өзін экологиялық уақытпен орайластырған: жылқы
күзерде, бие байларда, күзем жүн қырқымында, қозы күземде, соғым басында, ел орынға
отырарда, құс қайта, қансонарға шығарда; ал кейбір мезеттік сәттерді: ат ерттегенше, сүт
Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы
пісірім, шай қайнатым, бие сауым, көз шырымын алғанша, ет асым сияқты межелермен
мөлшерленген. Немесе үркер көтеріле, сүмбіле туа, жұлдыз сөне, т.б. деп келетін межелерді
– тек қана экологиялық уақыт өлшемі емес, экожүймен байланысты ситуациялық уақыт
өлшемдері деп те қарастыруға болады...
Немесе, көшпелі қазақтың экологиялық мәдениетінде жер қазбаларының да үлкен орын
алатынын біз біле береміз бе? Егер жер астында қазына немесе байлық болса, сол жерде қар
тоқтамай еріп кетеді. Жер асты байлықтарының бір нышаны-ұрығы себілмеген жерден
райхан гүлі өсіп шығады. Тау баурайында, жұрт тұратын жерден аулақта күнжіт немесе
бақлажан өссе, сортаң жердің ортасында бұқа терісіндей ғана жақсы жер немесе домбаз,
кірпіш құюға жарайтын топырақ болса; жемтік, өлімтік жоқ жерде құзғындар айналып ұшып
жүрсе, ол жерлерде де қазына-байлық бар болғаны. Жаңбыр жауып тұрғанда шұңқырсыз
тегіс жерге судан қақ тұрса; қыстыгүні қайсыбір жерде қар тез еріп кетіп, айналасында қар
қалса; тас бейне бір майланғандай жалтырап көрінсе және оған жаңбыр мен су жұқпаса;
таудан бірге ойнап, құрылдасып түсіп келе жатқан қырғауыл мен кекілік көзге шалынса,
немесе кенет, күтпеген жағдайда бал аралар бір жерге топтана қонса, яки қайсыбір ағаштың
бірер бұтағы басқаларына қарағанда жуандау, қуаттырақ болып өссе, бұл жерлерде бабалар
болжамы бойынша қазына бар дей беріңіз.
Зейінді, білгір, сезімтал бабалар мен аға ұрпақтар кен-байлықты табу мақсатында осының
бәрін назарға алып отырған.
ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫ – ДЕНСАУЛЫҚҚА
Басқасын былай қойғанда, атам қазақ өзін қоршаған табиғат байлығының адам денсаулығына
әсерін жазбай таныған: «Жұпар ауа – дертке дауа» дей отырып, жылқы майының,
саумалының шипалығын, киік мүйізінен дәрі жасауы, қымызды жетпіс түрлі ауруға ем деуі
(скифтер заманынан бері ашытылып келген қасиетті тарихи экологиялық таза асымызды
Европаның арағына алмастырып ажырай бастағанымыз өкінішті-ақ), шұбатпен өкпе,
асқазан, ішек ауруларын емдеуі, түйенің шудасын бел ауруына пайдаланып, тұзды суға
қайнатып «сорботқа» жасау арқылы ісік қайтаруы, түйенің қотырын күкірт түтінімен булап,
қойдың құйрық майымен жел-құзды, жөтелді емдеуі, кейде керім толғақ боп босана алмай
жатқан әйелге ірімшіктің сүтін езіп ішкізуі, сексеуілмен (шөл далада, ауызсуға тапшы
жерден, суы салқын табиғи температурада) шегендеп құдық қазуы.
Осы негізде күнделікті өмір тіршілігіне қажетті экологиялық таза өнім, тағам түрлерін де
дайындаған: қазы-қарта, жал-жаясы, бір білем бағылан қозының шикі құйрық, не аздаған сүрі
қазы тастап дайындаған қымызы, сары ірімшік, қаймақ, сары май, айран, сүзбе қатығы, таза
қой жүнінен дайындаған, бүгінде қолға түсе бермейтін сәнді киімдері, композиторларымыз
бен сал-серілердің ешкінің ащы ішегінен домбыраларына ішек, сәмбі талдан өрген бесік
жасауы, аңның терісін киім, етін тамақ, тарамысын жіп, сүйегін ине ету қай
мәдениетіңнің қойын бағады?
Я болмаса, қазақи әдіспен сақар алудың өзі үлкен өнер: сексеуілдің басындағы көк гүлі
түспей тұрған кезде, тамыз айында жинап алынып, алдын ала су себіліп, тапталып,
сыпырылған тегіс әрі тақыр жерге мол етіп үйіліп, өртеледі. Содан соң қазанға су құйып, осы
гүлді қосып, сақырлатып күні бойы қайнатып, түн асырып, тұндырып қояды.
Тұнбаны сілті деп атайды. Тіліміздегі «сілтідей тынды» деген тұрақты сөз тіркесі де осыдан
қалыптасқан. Әрі қарай сақар алу үшін түн асқан сілтіні ертесіне отты баяу жағып, был-
ғауышпен араластырып, әбден қоюланып, құрғап ұнтаққа айналғанша қайнатады. Оған
өсімдік майын, малдың немесе балықтың майын қосып, ұнтаққа айналған сілтіге (сақарға)
қосып араластырып, әбден қоюланған кезде шүберекке орап немесе қалыпқа құйып,
белгілі бір кейіпке келтірсе, сақар, яғни қара сабын дайын болады. Қара сабын берік болуы
үшін оған кейде қойдың жүнін, ешкінің түбітін, түйенің шудасын қосады. Қара сабын
дайын болған соң одан үзіп алып, қолмен сығымдап, көршілерге, абысын-ажынға
үлестіреді. Оны «бұзаушық» деп атайды.
Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы
Кезінде күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып, бұл күндері ұмыт бола бастаған
қазақтың қара сабыны – сақардың емдік, шипалық қасиеттері де көп болған: малдың сүйегін
қайнатып, оған сәл сілті қосып, майын қалқып алып, іш ауырғанда, тұмау тигенде аздап
ішкізген; басы ауырған адамды қара сабынмен басын жуып, жылы бүркеп жатқызып қойса,
басы ауруы қояды; бөртіп, қызарып шыққан денедегі жараны, теміреткіні сақармен жуып,
емдеген; көз, құлақ іріңдеп ауырғанда қара сабынмен жуады; жас нәрестені бір күн қара
сабынмен, бір күн тұзды суға алма-кезек шомылдырады; денеге шыққан шиқанның аузына
қара сабын тартады
Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы

More Related Content

What's hot (20)

Stefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatii
Stefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatiiStefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatii
Stefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatii
Petrunova Olga
Caz clinic
Caz clinicCaz clinic
Caz clinic
gildairi25
Лабораторна робота №3
Лабораторна робота №3Лабораторна робота №3
Лабораторна робота №3
shulga_sa
Фандрейзинг. Асоціація Міст України
Фандрейзинг. Асоціація Міст УкраїниФандрейзинг. Асоціація Міст України
Фандрейзинг. Асоціація Міст України
Yegor Shulyk
Relatii interumane -climatul optim de munca
Relatii interumane -climatul optim de muncaRelatii interumane -climatul optim de munca
Relatii interumane -climatul optim de munca
Rodica B
Фізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. Добування
Фізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. ДобуванняФізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. Добування
Фізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. Добування
Елена Мешкова
Drepturile animalelor
Drepturile animalelorDrepturile animalelor
Drepturile animalelor
Laza1Alina
Resursele intreprinderii
Resursele intreprinderiiResursele intreprinderii
Resursele intreprinderii
Rodica B
Жай және күрделі эфирлер
Жай және күрделі эфирлерЖай және күрделі эфирлер
Жай және күрделі эфирлер
Bilim All
Planificare financiară
Planificare financiarăPlanificare financiară
Planificare financiară
Fundația pentru o societate deschisă
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруқантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
oquzaman
Cunoaşte te-pe-tine
Cunoaşte te-pe-tineCunoaşte te-pe-tine
Cunoaşte te-pe-tine
caizer daniela
kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare
 kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare
kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare
b_raluca25
Educatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORT
Educatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORTEducatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORT
Educatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORT
ssuserdbf5b4
9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...
9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...
9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...
seriksidakhmetov
Тема 9
Тема 9Тема 9
Тема 9
Vladysha1989
семінар 5 кл
семінар 5 клсемінар 5 кл
семінар 5 кл
Olga Gorbenko
Оксиди Нітрогену та Фосфору
Оксиди Нітрогену та ФосфоруОксиди Нітрогену та Фосфору
Оксиди Нітрогену та Фосфору
Елена Мешкова
Stefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatii
Stefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatiiStefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatii
Stefan andreea etape ale dezvoltarii personalitatii
Petrunova Olga
Лабораторна робота №3
Лабораторна робота №3Лабораторна робота №3
Лабораторна робота №3
shulga_sa
Фандрейзинг. Асоціація Міст України
Фандрейзинг. Асоціація Міст УкраїниФандрейзинг. Асоціація Міст України
Фандрейзинг. Асоціація Міст України
Yegor Shulyk
Relatii interumane -climatul optim de munca
Relatii interumane -climatul optim de muncaRelatii interumane -climatul optim de munca
Relatii interumane -climatul optim de munca
Rodica B
Фізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. Добування
Фізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. ДобуванняФізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. Добування
Фізичні та хімічні властивості ненасичених вуглеводнів. Добування
Елена Мешкова
Drepturile animalelor
Drepturile animalelorDrepturile animalelor
Drepturile animalelor
Laza1Alina
Resursele intreprinderii
Resursele intreprinderiiResursele intreprinderii
Resursele intreprinderii
Rodica B
Жай және күрделі эфирлер
Жай және күрделі эфирлерЖай және күрделі эфирлер
Жай және күрделі эфирлер
Bilim All
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруқантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
oquzaman
kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare
 kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare
kinetoterapia-in-afectiunile-cardiovasculare
b_raluca25
Educatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORT
Educatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORTEducatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORT
Educatie Outdoor.pptx 1-2-3.pptx, CLASA FARA PERETI, MATERIAL SUPORT
ssuserdbf5b4
9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...
9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...
9.4 Қазақстан Республикасының дамуы_«Қазақстан – 2030» стратегиясы_Презентаци...
seriksidakhmetov
Оксиди Нітрогену та Фосфору
Оксиди Нітрогену та ФосфоруОксиди Нітрогену та Фосфору
Оксиди Нітрогену та Фосфору
Елена Мешкова

Similar to Экологиялық мәдениет дегеніміз не (20)

Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы  Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы
Erjan Beisenhojaev
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирика
oquzaman
Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығыТабиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
Erjan Beisenhojaev
виртуалд1 көрме
 виртуалд1 көрме виртуалд1 көрме
виртуалд1 көрме
Jako Bektibaev
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
Asem Sarsembayeva
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docxАдамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
ssuser38f048
Мезозой
МезозойМезозой
Мезозой
seitzhan
дниетану баспа а -2017 ж
дниетану баспа  а -2017 ждниетану баспа  а -2017 ж
дниетану баспа а -2017 ж
Asem Sarsembayeva
табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
Айбек Қуандықұлы
ерейментау онири
ерейментау онириерейментау онири
ерейментау онири
Вспомогательный образовательный сайт
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақала
Asem Sarsembayeva
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
nurlan93kz
гылыми жоба улытау
гылыми жоба улытаугылыми жоба улытау
гылыми жоба улытау
Вспомогательный образовательный сайт
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptxДүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
korkemnurlybayeva
Ұлттық тәрбие
Ұлттық тәрбиеҰлттық тәрбие
Ұлттық тәрбие
Muhamedrahim Kursabaev
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Bilim All
Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы  Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы
Erjan Beisenhojaev
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирика
oquzaman
Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығыТабиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
Erjan Beisenhojaev
виртуалд1 көрме
 виртуалд1 көрме виртуалд1 көрме
виртуалд1 көрме
Jako Bektibaev
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
Asem Sarsembayeva
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docxАдамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
ssuser38f048
дниетану баспа а -2017 ж
дниетану баспа  а -2017 ждниетану баспа  а -2017 ж
дниетану баспа а -2017 ж
Asem Sarsembayeva
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақала
Asem Sarsembayeva
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptxДүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
korkemnurlybayeva
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Bilim All

More from Rauan Ibraikhan (20)

Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.
Rauan Ibraikhan
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
Rauan Ibraikhan
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттері
Rauan Ibraikhan
Ата аналарға арналған сауалнама
Ата  аналарға арналған сауалнама  Ата  аналарға арналған сауалнама
Ата аналарға арналған сауалнама
Rauan Ibraikhan
Ата аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысАта аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмыс
Rauan Ibraikhan
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаСіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Rauan Ibraikhan
Топ мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыТоп мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралы
Rauan Ibraikhan
Анкета
АнкетаАнкета
Анкета
Rauan Ibraikhan
П4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметП4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәлімет
Rauan Ibraikhan
Практикум Web программирование
Практикум Web программированиеПрактикум Web программирование
Практикум Web программирование
Rauan Ibraikhan
Мастер класс Teamviewer шығару
Мастер класс   Teamviewer шығаруМастер класс   Teamviewer шығару
Мастер класс Teamviewer шығару
Rauan Ibraikhan
Лекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрЛекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнр
Rauan Ibraikhan
Лабораторные практические работы
Лабораторные практические работыЛабораторные практические работы
Лабораторные практические работы
Rauan Ibraikhan
Сборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpСборник практических задании по Php
Сборник практических задании по Php
Rauan Ibraikhan
Методичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруМетодичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығару
Rauan Ibraikhan
Оқу құралы
Оқу құралыОқу құралы
Оқу құралы
Rauan Ibraikhan
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағ
Rauan Ibraikhan
Бакытты отбасы
Бакытты отбасыБакытты отбасы
Бакытты отбасы
Rauan Ibraikhan
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Rauan Ibraikhan
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Rauan Ibraikhan
Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.
Rauan Ibraikhan
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттері
Rauan Ibraikhan
Ата аналарға арналған сауалнама
Ата  аналарға арналған сауалнама  Ата  аналарға арналған сауалнама
Ата аналарға арналған сауалнама
Rauan Ibraikhan
Ата аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысАта аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмыс
Rauan Ibraikhan
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаСіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Rauan Ibraikhan
Топ мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыТоп мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралы
Rauan Ibraikhan
П4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметП4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәлімет
Rauan Ibraikhan
Практикум Web программирование
Практикум Web программированиеПрактикум Web программирование
Практикум Web программирование
Rauan Ibraikhan
Мастер класс Teamviewer шығару
Мастер класс   Teamviewer шығаруМастер класс   Teamviewer шығару
Мастер класс Teamviewer шығару
Rauan Ibraikhan
Лекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрЛекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнр
Rauan Ibraikhan
Лабораторные практические работы
Лабораторные практические работыЛабораторные практические работы
Лабораторные практические работы
Rauan Ibraikhan
Сборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpСборник практических задании по Php
Сборник практических задании по Php
Rauan Ibraikhan
Методичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруМетодичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығару
Rauan Ibraikhan
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағ
Rauan Ibraikhan
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Rauan Ibraikhan
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Rauan Ibraikhan

Экологиялық мәдениет дегеніміз не

  • 1. Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Алматы қаласы Білім басқармасының МҚКК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі» Тәрбие сағатының әдістемелік талдамасы. Тақырыбы: «Экологиялық мәдениет дегеніміз не?» (дәріс)
  • 2. Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы Максаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзіанықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның экоэволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу Экологиялық мәдениет— жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік соулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді. «Экология» термині грек тілінен «үй туралы» (қоршаған табиғи орта) ілім деп аударылады да, ол табиғатты қорғаумен байланыстырылады. Ғылыми әдебиеттерде оған «табиғаттың тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқыпты пайдалану» деген анықтама беріледі. Ал экологиялық мәдениетке осы тұрғыдан жауап іздестірсек, онда: қоғам мен табиғаттың талаптарына адамзаттың білікті берген жауабы арқылы қалыптасатын, нәтижесінде адам мен табиғаттың арасындағы еркін (залал келтірмейтін) қатынастардан туындайтын мәдениет – экологиялық мәдениет деп сенімді түрде қорытынды жасауға болады. Өйткені, «мәдениет дегеніміздің өзі – адамдардың өздерін қоршаған табиғи және әлеуметтік аяны өзгертіп, сол екі ортада өздерін де өзгерте білу қабілеті. Ендеше, әрбір мәдениет- дербестіктің ар жағында белгілі бір табиғи ортада тарихи қалыптасқан қауымның күн көрісіндегі тұрақтанған дәстүрлі қарекеттер болып табылады» (Ә.Кекілбаев, «Заманамен сұхбат»), немесе «Мәдениет – тіршілік ету күресі жолындағы еңбек-зейнеттен туған, табиғатпен, адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері, адамның әдет-ғұрыптар мен заңдарға сүйенген қоғамда қадірін түсірмей тұра білуі, қоғамның басқа қауымдармен қатар өмір сүре білуі. Мәдениет – ол тарихи тәжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат етулер мен тыйым салулардың тұтас бір жүйесі» (О.Сүлейменов, «Дүние», №2, 2003). Қорыта келгенде, туған жердің табиғи болмыс-бітімін танып-түсіну, қоршаған ортамен тіл табысу, тіптен сол ортамен үндес өмір салтын қалыптастыру халқымыздың ғибрат тұтар экологиялық мәдениетін дамытып қалыптастырды. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіне дейін қазақ халқының көшпелі өмір салтында болғанын бәріміз білеміз. Сондықтан, «сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таңғаларлық нәрсе емес. Даланың сайы, белі, тау-тасы, өзен-көлі – қыр адамы кезінде бір көріп қызықтайтын ғана көрініс емес, оның ғұмыр кешетін, ұдайы малын бағып, орын теуіп отырған ортасы, мекен- жайы. Айналасындағы табиғаттың әр сипат-белгісі оның ой-санасында ерекше орын алады» (З.Ахметов, «Өлең сөздің теориясы»).
  • 3. Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы Яғни, ұзақ ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз табиғат құшағында көшіп қонып жүріп, оның сырын жан-жақты білуге дағдыланған. Осының арқасында халқымыз табиғатпен етене біртұтас болып кеткен. Кейінгі отырықшы тұрмысқа көшкен кездің өзінде де қанға сіңген табиғатты сүю қасиеті халқымызды өлкенің нағыз аялаушы қожасы ретінде сақтап келеді. Адамзат цивилизациясы ғылыми-техникалық дамудың жолына түскенге дейінгі жылдар бойында (алтын үзікті киіз үйді еуропалық тас сарайға ауыстырып) бұл далада бірыңғай отырықшы болып ұшпаққа жету мүмкін емес еді. Сондықтан да, мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жинаған өмір тәжірибесі, әсіресе табиғаттың апталық, айлық, маусымдық, жылдық құбылыстарын терең білудің нәтижесі ұлы дала тұрғындарының арасында астрономиялық, географиялық, математикалық, гидрометеорологиялық зерденің айрықша дамуына ықпал етіп, ешкімге ұқсамайтын көшпелілер мәдениетін дүниеге әкелді. Ол қандай мәдениет? Ол – тағы да қайталап айтсақ, нағыз табиғатты терең тануға, табиғатпен мінсіз үндесуге негізделген қазақи экологиялық мәдениет! Жаңарса да, жаңғырса да, олардың авторы данышпан қазақ халқының өзі, сол халық болып қала бермек. Ата-бабаларымыздың табиғатпен үндескен қағида-тұжырымдарын табиғатты өмірлік қажетімізге пайдалануда міндетті түрде орындау – біздің баянды өмір сүруіміздің негізгі болмақ. Біздің мақсатымыз да осы ата-бабаның асыл қасиетінің ұрпақтан- ұрпаққа жетуіне көмектесу. Бұл бағытта әңгімені қалай өрістетсек те оған тарихи негіз бар. Ал тарих дегеніміз – бұлтартпас шындық. Мысалы, әрідегі қазақ фольклорын алайық. Онда жаратылыстың әртүрлі көріністері туралы, неше түрлі формадағы тастар мен шың-құздар жайлы, сондай-ақ сырт түрімен ерекшеленетін тау, шоқы, өзен-көлдер, жан-жануарлар, т.б. жайында ертегіден бастап, небір әдемі аңыздар мен әңгімелер жан-жақты көрініс тапқан. Айталық, найзағайдың жарқылы, күн күркіреуі, құйын секілді табиғат құбылыстарына қазақтар ерекше қасиет берген. Көктемде алғаш рет күн күркіреп, найзағай ойнағанда қазақтар қолындағы ожаумен киіз үйден жүгіріп шығып, үйді айнала ожаумен ұрғылап: «Сүт көп, отын аз», - деп кейін үйге кіріп ожауын есік алдындағы керегеге қадаған. Мұның бәрі сүттің көп болып, мал басының көбеюін тілеген жақсылық тілектен пайда болған. Егер ұзақ мезгіл күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жаумаса, қазақтар тасаттық жасап, мал сойып, тәңірге құлшылық еткен, немесе олардың тәңірі – көк аспан, құдіреті – көктегі күн болған (күнге киіз үй есігін қаратып тігу). Бұлар табиғатты өмірдің тірегі ретінде түсінудің ашық көрінісі. Қазақтардың отағасы деп үй иесін атауы, «отың өшсін» деп қарғауы, «отбасы» деп Отанын, үйін атауы; отқа түкірмей, от жаққан жерді баспауы оттың зор қасиеттілігін ұқтырады. Мал төлдеп жатқанда, сондай-ақ әйел босанып, баланың кіндігі түскенше басқаларға от бермеген, үйден от алып шықпаған. Жаңа түскен келін босағадан аттарда басынан от айналдырып, отқа май тастайды, «от ана» жарылқа деп жалбарынған. Бұлай еткенде жаңа түскен келін әзәзілдің тіліне ермейді, сол босағаға шын беріледі деп ұғынған. Бұларды ұлттық экологиялық мәдениетіміздің қалыптасуындағы алғашқы баспалдақтар десек, поляк революционері Б.Залескийдің «Қазақ даласының тіршілік тынысы» очеркіндегі: қазақтар дала сырына жетік, түн баласы жұлдыздарға қарап бағыт алады... жұлдыздай жарқыраған сарғалдақтармен араласа... қалың құс өзен-көлдердің бетін жауып... бұлақтар мен жылғалардың жағасын жасыл түске бояп... түрлі шөптердің хош иісі, бұрқыраған мөлдір ауасы адамды мас қылардай... шегі жоқ көкжиек... құмды дауыл тұрған кезде... ойнақ салған қарлы бораны... дарияның айналасына өскен қалың тоғай қайнаған тіршілігімен ерекшеленер еді, ... даланың өзінің өсімдіктер дүниесі, жануарлар әлемі бар. Қазақтар оның бәрін де жеке-жеке атау (облысымыздағы Қарақұм, Қызылқұм, Сексеуіл, Құланды, Аралқұм, Сарыкөл, Қарашеңгел, Бозкөл, Қаракөл, Иіркөл, Ақжар, Аққыр, Жаңадария, Қоғалыкөл, Бестораңғыл, Жиделіарық, Жуантөбе, Қосүйеңкі, Ақұйық, Сарықамыс. - Қ.Ш.) беріп қойған және де дала қарияларының бәрін де білгір ботаниктер десе
  • 4. Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы болғандай... түйеге мінген қазақтардың ырғаң-ырғаң жүрісін теңіздің кемені шайқауына баласақ, жұлдыздарға қарап бағдар анықтайтын олардың өткір жанарлары бақылау трубасына қараған теңізшідей», - деп суреттеуі – экологиялық мәдениетіміздің келесі даму сатыларының дәлелі. ТАБИҒАТ ҚҰПИЯСЫН ТАНУ Ата-бабаларымыз тіпті аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын аңғарып, құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата ұрпақтың пайымдауы бойынша мысалы, шағалалар көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ балықтар су бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады. Ашық күнде қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірткелер шырылын тоқтатып, жым-жылас болып айналада тыныштық орнаса, онда жеделғабыл жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа жосылып кете бастаса, немесе сексеуіл тоғайы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде көп ұзамай боран соғады, көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады, күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса жел тұрады; күн бұлтқа батса, келесі күні жауын-шашын болады- , ашық батса – күн ашық болады. «Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деп олардың орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа райы туралы болжау; үркерге қарап уақыт белгілеп, күзетшілердің кезегін ауыстыру; темірқазыққа қарап жолаушының түнгі бағытын айқындауы; желмаясын желдіртіп халқына Жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыздың әр өңірдің қадір-қасиетін қапысыз айтқан: «Алты күнге ат семіртіп мінетін жер екен», «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған» сөздері - табиғатпен тіл табысудың ең бір үлкен айғағы, қалыптасқан экологиялық мәдениеттің қағидалары. Табиғаттың бұндай жұмбақ көріністерімен қазақ балалары ерте кезде-ақ ес біле таныс болған, жоғарыдағыдай тіршілік тәжірибе-шешімдерін болашақтан-болашаққа жалғастырып, тиімді қимыл-әрекеттерге барған. Мысалы, «пішенді салқында шап, қойды салқында бақ», «қой жайын көздесең құмға көш, сиыр жайын көздесең сырға көш», «жазғытұрғы жел жардай атанды жығады», «көбік қарда түлкі ойнар, көк көрпеде жылқы ойнар», «түйе – шөл кемесі», «үркер үйден көрінсе үш ай тоқсан қысың бар, үркер іңірде жанбасқа келсе жаз шықпаған несі бар», «сәуір болмай жауын болмас, жауын болмай тәуір болмас», «бұлбұл мен гүл мінездес: екеуі де күнді аңдиды», «сулы жер - нулы жер», «шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен - адамгершіліктің үш сауабы» екенін айтып, шыбын-шіркейдің дала жусаны өскен жерде болмайтынын, қарақұрт пен қырық- аяқтың қой жүнінің иісінен сескенетінін, сондықтан төсек салса жусанды жерге киіз төсеп шыбын-шіркей, құрт-құмырсқадан қауіптенбей жата берген. Осылайша қазақ атам өз жерінің табиғатын, онда болатын құбылыстарды жақсы біліп, осыған орай өз әрекеттерін алдын ала болжап отырған. Атадан балаға ғасырлар бойы іс арқылы ұдайы қайталанып жеткен бұл асыл қасиеттерді бір- бірімізге, ұрпақтарымызға үйрету – халық дәстүрі, экологиялық мәдениетіміздің ажырамас бөліктері. Айта берсек, атам қазақ тек табиғаттың өзі берген игіліктерімен ғана күн көріп жүрген шағында жыл мезгілдеріне орай уақыттың маусымдық, айлық межелерін: көктем шыға, жаздың басында, күз түсе, қар бір жауғанда, қыс ортасында, құралайдың салқыны кезінде, өліарада, жазғытұрымда, көк шыға, ел жайлауға көшерде, күзекке көтерілгенде, қыстауға қайтар кезде, т.б., ал қысқа уақыт өлшемдерін: таң алдында, таңсәріде, елең-алаңда, таң құланиектене, күн шыға, күн көтеріле, күн құрық бойы көтерілгенде, күн арқан бойы көтерілгенде, түсте, сәске түс, тал түс, талма түс, түс ауа, түс қайта, кешке қарай, кешқұрым, ақшам кезінде, қас қарая, апақ-сапақта, қызыл іңірде, түнде, түн ортасы, түн ортасы ауа, - деп белгіленген. Тіпті кейбір шаруашылық әрекеттерінің өзін экологиялық уақытпен орайластырған: жылқы күзерде, бие байларда, күзем жүн қырқымында, қозы күземде, соғым басында, ел орынға отырарда, құс қайта, қансонарға шығарда; ал кейбір мезеттік сәттерді: ат ерттегенше, сүт
  • 5. Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы пісірім, шай қайнатым, бие сауым, көз шырымын алғанша, ет асым сияқты межелермен мөлшерленген. Немесе үркер көтеріле, сүмбіле туа, жұлдыз сөне, т.б. деп келетін межелерді – тек қана экологиялық уақыт өлшемі емес, экожүймен байланысты ситуациялық уақыт өлшемдері деп те қарастыруға болады... Немесе, көшпелі қазақтың экологиялық мәдениетінде жер қазбаларының да үлкен орын алатынын біз біле береміз бе? Егер жер астында қазына немесе байлық болса, сол жерде қар тоқтамай еріп кетеді. Жер асты байлықтарының бір нышаны-ұрығы себілмеген жерден райхан гүлі өсіп шығады. Тау баурайында, жұрт тұратын жерден аулақта күнжіт немесе бақлажан өссе, сортаң жердің ортасында бұқа терісіндей ғана жақсы жер немесе домбаз, кірпіш құюға жарайтын топырақ болса; жемтік, өлімтік жоқ жерде құзғындар айналып ұшып жүрсе, ол жерлерде де қазына-байлық бар болғаны. Жаңбыр жауып тұрғанда шұңқырсыз тегіс жерге судан қақ тұрса; қыстыгүні қайсыбір жерде қар тез еріп кетіп, айналасында қар қалса; тас бейне бір майланғандай жалтырап көрінсе және оған жаңбыр мен су жұқпаса; таудан бірге ойнап, құрылдасып түсіп келе жатқан қырғауыл мен кекілік көзге шалынса, немесе кенет, күтпеген жағдайда бал аралар бір жерге топтана қонса, яки қайсыбір ағаштың бірер бұтағы басқаларына қарағанда жуандау, қуаттырақ болып өссе, бұл жерлерде бабалар болжамы бойынша қазына бар дей беріңіз. Зейінді, білгір, сезімтал бабалар мен аға ұрпақтар кен-байлықты табу мақсатында осының бәрін назарға алып отырған. ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫ – ДЕНСАУЛЫҚҚА Басқасын былай қойғанда, атам қазақ өзін қоршаған табиғат байлығының адам денсаулығына әсерін жазбай таныған: «Жұпар ауа – дертке дауа» дей отырып, жылқы майының, саумалының шипалығын, киік мүйізінен дәрі жасауы, қымызды жетпіс түрлі ауруға ем деуі (скифтер заманынан бері ашытылып келген қасиетті тарихи экологиялық таза асымызды Европаның арағына алмастырып ажырай бастағанымыз өкінішті-ақ), шұбатпен өкпе, асқазан, ішек ауруларын емдеуі, түйенің шудасын бел ауруына пайдаланып, тұзды суға қайнатып «сорботқа» жасау арқылы ісік қайтаруы, түйенің қотырын күкірт түтінімен булап, қойдың құйрық майымен жел-құзды, жөтелді емдеуі, кейде керім толғақ боп босана алмай жатқан әйелге ірімшіктің сүтін езіп ішкізуі, сексеуілмен (шөл далада, ауызсуға тапшы жерден, суы салқын табиғи температурада) шегендеп құдық қазуы. Осы негізде күнделікті өмір тіршілігіне қажетті экологиялық таза өнім, тағам түрлерін де дайындаған: қазы-қарта, жал-жаясы, бір білем бағылан қозының шикі құйрық, не аздаған сүрі қазы тастап дайындаған қымызы, сары ірімшік, қаймақ, сары май, айран, сүзбе қатығы, таза қой жүнінен дайындаған, бүгінде қолға түсе бермейтін сәнді киімдері, композиторларымыз бен сал-серілердің ешкінің ащы ішегінен домбыраларына ішек, сәмбі талдан өрген бесік жасауы, аңның терісін киім, етін тамақ, тарамысын жіп, сүйегін ине ету қай мәдениетіңнің қойын бағады? Я болмаса, қазақи әдіспен сақар алудың өзі үлкен өнер: сексеуілдің басындағы көк гүлі түспей тұрған кезде, тамыз айында жинап алынып, алдын ала су себіліп, тапталып, сыпырылған тегіс әрі тақыр жерге мол етіп үйіліп, өртеледі. Содан соң қазанға су құйып, осы гүлді қосып, сақырлатып күні бойы қайнатып, түн асырып, тұндырып қояды. Тұнбаны сілті деп атайды. Тіліміздегі «сілтідей тынды» деген тұрақты сөз тіркесі де осыдан қалыптасқан. Әрі қарай сақар алу үшін түн асқан сілтіні ертесіне отты баяу жағып, был- ғауышпен араластырып, әбден қоюланып, құрғап ұнтаққа айналғанша қайнатады. Оған өсімдік майын, малдың немесе балықтың майын қосып, ұнтаққа айналған сілтіге (сақарға) қосып араластырып, әбден қоюланған кезде шүберекке орап немесе қалыпқа құйып, белгілі бір кейіпке келтірсе, сақар, яғни қара сабын дайын болады. Қара сабын берік болуы үшін оған кейде қойдың жүнін, ешкінің түбітін, түйенің шудасын қосады. Қара сабын дайын болған соң одан үзіп алып, қолмен сығымдап, көршілерге, абысын-ажынға үлестіреді. Оны «бұзаушық» деп атайды.
  • 6. Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы Кезінде күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып, бұл күндері ұмыт бола бастаған қазақтың қара сабыны – сақардың емдік, шипалық қасиеттері де көп болған: малдың сүйегін қайнатып, оған сәл сілті қосып, майын қалқып алып, іш ауырғанда, тұмау тигенде аздап ішкізген; басы ауырған адамды қара сабынмен басын жуып, жылы бүркеп жатқызып қойса, басы ауруы қояды; бөртіп, қызарып шыққан денедегі жараны, теміреткіні сақармен жуып, емдеген; көз, құлақ іріңдеп ауырғанда қара сабынмен жуады; жас нәрестені бір күн қара сабынмен, бір күн тұзды суға алма-кезек шомылдырады; денеге шыққан шиқанның аузына қара сабын тартады
  • 7. Ү 38. 2 КСТ СМЖ АМПК 13 1 Басылы