же ¦с к__н¦ сценарий 4-топВспомогательный образовательный сайтКожашева Гулмира Улыкпановна Маңғыстау облысының Қарақия ауданының
Ерке-Наз балабақшасының тәрбиешісі
7 саны мен цифры калипова Вспомогательный образовательный сайтАбжетова Айжан Сембаевна
Маңғыстау облысының Қарақия ауданының 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
открытый урок (1)Вспомогательный образовательный сайтМукенова Жанаргуль Наурызбаевна
Заведующий учебной части
КГП на ПХВ «Павлодарский медицинский высший колледж»
открытый урок по информатикеВспомогательный образовательный сайтМетодическая разработка урока «Понятие компьютерной сети, ее назначение. Классификация компьютерных сетей»
лой м. в. презентацияВспомогательный образовательный сайтЛой Марина Вилльевна
Учитель английского языка
Средняя общеобразовательная школа – гимназия № 17 г Актобе
7 саны мен цифры калипова Вспомогательный образовательный сайтАбжетова Айжан Сембаевна
Маңғыстау облысының Қарақия ауданының 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
открытый урок (1)Вспомогательный образовательный сайтМукенова Жанаргуль Наурызбаевна
Заведующий учебной части
КГП на ПХВ «Павлодарский медицинский высший колледж»
открытый урок по информатикеВспомогательный образовательный сайтМетодическая разработка урока «Понятие компьютерной сети, ее назначение. Классификация компьютерных сетей»
лой м. в. презентацияВспомогательный образовательный сайтЛой Марина Вилльевна
Учитель английского языка
Средняя общеобразовательная школа – гимназия № 17 г Актобе
Зат есімнің тәуелденуін пысықтауNurlan AbilhanovМухаметжанова Арайлым Кадыровна
Солтүстік Қазақстан облысы
№2 Ленинград орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Әкешім бәйтерегімАйбек Қуандықұлытәрбие, сағат, ата-ана, бала, мектеп, әке, ана, ата, әже, бала, әке туралы жыр, сабақ, мектеп, мұғалім, оқушы, байланыс
1. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-өмірдің шуағы»
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым –
қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой –
өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен
дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю
арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға
газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ана – өмір себуші.
Қыз ақылы анадан.
Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған
қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге
саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған.
Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей
жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын. Бүнінгі біздің «Ана өмір шуағы»
атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.Олай болса МАД «б» тобының «Қара жорға» биін
тамашалаңыздар!!!
Ән: «Көктем келді»
8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857
жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері
манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын,
ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер
төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап
кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер
2. сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық
конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту
туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін
күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қар-сы, еңбекті бағалау, ар-
ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады.(экранға қарап суреттермен
таныстырамын)
Би: «Қуыршақ биі»
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім-дей отыра балалардың аналарына арналған тақпақтарына
кезек берейік.
Бекарыс
Жан ана, құттықтаймын мерекеңмен
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен
Төрлесін ердің берген бақыт бағы
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен
Жадыра
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Еркебұлан
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
3. Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен, құттықтаймын
Арайлым
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірмді ғой керемет
Рахат
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін
Диана
Мәпелейді, әлдилейді, бағады
Құлыным деп құшағына алады
Өзгегн де, өзінеде жауапты
Барлығына талай уақыт табады
Ұлықбек
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасың
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Жазира
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
4. Алыстасаң сағынам
Жүргізуші: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Балалар: Ана
Жүргізуші: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Балалар: Ол мейірімді ана
Құрметтейік, о адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істейтін әр қадамды-дей отырып ендігі кезекті әнге береміз
Ән: «Анашым»
Оқиға: (балаларға оқып беру) «Ананың жұмбағы».
Автор Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің
бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса,
сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол
адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол
– асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан
шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
«Ойын» ата-аналармен ойын ойнау.
(аналардың көзін байлап өз баласын табу)
. Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,
Көкжиектен таң сайын асықты Күн.
Келді тағы көктемнің мерекесі
Дидарыңа шуағын шашып бүгін
Би: «Индиски би» тамашалаңыздар.
5. Балалар аналарына арналған сыйлықтарын береді.
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
Қорытындылау: Ата – аналарға, мектеп мұғалімдеріне сөз беру.
Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен
мерекелік кешімізді аяқтаймыз!