Юрій Винничук «Місце для дракона»Dmytro KryvenkoПрезентація з української літератури для учнів 8 класу про сучасного письменника Юрія Винничука та його фентезійну повість-казку «Місце для дракона»
Дмитро Білоусestet13Дмитро Білоус – унікальне й цікаве явище в українській літературі.
Це – непересічний поет, сатирик-гуморист, блискучий перекладач, публіцист, науковець і педагог. Його творчість, різноманітна і багатогранна, здобула широке визнання не лише в Україні, а й за її межами.
Велику, благородну й конче потрібну справу робив письменник: вчив любити рідний край, знати, відчувати багатство і красу нашого «дива калинового» – рідної мови і чари прадавніх свят.
Поет звертався насамперед до дітей, бо був певен, коли молоді говоритимуть рідною мовою, пишатимуться нею – тоді й постане по-справжньому Україна!
слайд мұқағалиВспомогательный образовательный сайтМакенбаева Нургуль Канатовна
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы «Дамуы шектелген балаларға арналған
облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты»КММ тәрбиешісі
Правопис дієслів теперішнього і майбутнього часу.Електронні книги РанокІнтерактивна школа творчого вчителя
Видавництво "Ранок"
04.04.17
Спікер: Коваленко Ольга Миколаївна
слайд мұқағалиВспомогательный образовательный сайтМакенбаева Нургуль Канатовна
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы «Дамуы шектелген балаларға арналған
облыстық №4 арнайы мектеп-интернаты»КММ тәрбиешісі
Правопис дієслів теперішнього і майбутнього часу.Електронні книги РанокІнтерактивна школа творчого вчителя
Видавництво "Ранок"
04.04.17
Спікер: Коваленко Ольга Миколаївна
рухани жаңғыру . мақалаAsem SarsembayevaШуакбаева Гулбар Турлановна Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің жоғарғы санатты мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Айбек ҚуандықұлыАуыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері
Open lesson everything is good in its seasonАйбек ҚуандықұлыThis document provides a lesson plan for teaching 5th form students about seasons. The lesson aims to introduce and practice vocabulary describing seasons, develop students' oral speech using questioning, and develop thinking and imagination. The plan outlines introducing new vocabulary, doing exercises, evaluation, homework assignment, and conclusion. Key elements include phonetic drills of seasons, asking students questions about their favorite season and weather where they live, putting students into groups to learn words associated with each season, puzzles to review vocabulary, and a crossword with weather words.
Weather “Seasons”.Айбек ҚуандықұлыThis document provides a lesson plan for teaching weather and seasons to students with limited abilities. The lesson plan aims to develop students' phonetic skills, movement control through games, and social-emotional skills like responsibility and self-worth. Key activities include a phonetic drill of weather-related words, introducing new vocabulary, singing songs about the weather, and doing physical exercises. Students are assigned homework to learn a song and new words for next time.
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийіАйбек ҚуандықұлыАрал қаласы
№2 Облыстық арнайы мектеп – интернаты
Д.Оразгулова - қосымша білім беру педагогы
3. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым
тарихшы
фольклоршы
этнограф
географ
саяхатшы
ағартушы-демократ
әдебиетші
заңгер
аудармашы
4. Шоқан туралы мәлімет
Шоқан 1835 жылдың қараша айында
Көкшетау облысының Құсмұрын бекінісінде,
Абылай ханның шөбересі, Ресей патша
әскерінің полковнигі, қазақ сұлтаны
Шыңғыстың отбасында дүниеге келді.
5. Көкшетау.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?Сәкен Сейфуллин
9. 1847-1853 жылы
Шоқанды әкесі сол кезде
Сібірдегі ең таңдаулы оқу
орны деп есептелінетін
Омбы кадет корпусында
оқытады. Онда әскери
сабақтарға қоса жалпы
және Ресей географиясы
мен тарихы, батыс, орыс
әдебиеттері, философия,
физика, математика
негіздері, шетел тілдері
жүрген.
Шоқан Уәлиханов – Омбы Кадет
корпусының тәрбиеленушісі
Кадет корпусында
11. «...Сіз мені жақсы
көремін деп жазыпсыз.
Мен сізге ғашық
болып қалдым.
Мен еш уақытта да,
ешкімге де тіпті
туған ініме де,
тап сізге көңілім
түскендей
құштарлықты
сезген емеспін...»
Ф.М. Достоевский.
Шоқан Уәлиханов және Федор
Достоевский
13. Шоқан Уәлиханов ХІХ
ғасырдың орта шенінде
бейнелеу
профессионалды
салаларында еңбек
еткен, қазақ халқының
шын мәніндегі тұңғыш
суретшілерінің бірі
екендігін ең алғаш
зерттеп, дәлелдеген –
академик Ә.Х.Марғұлан.
Ә.Х.Марғұлан
14. Батыс-Сібір генерал-
губернаторлығында
қызмет еткен. Ғылым
Академиясы мен Орыс
География қоғамы
жұмыстарына белсене
араласады.
1857 жылы 2
ақпанда Орыс
жағрафиялық
қоғамының толық
мүшесі болып
сайланады.
Атқарған қызметтері
15. Ол Орта Азия,
Қазақстан, Шығыс
Түркістанды аралай
жүріп, осы жерлерді
мекендеген түрік
халықтарының
тарихы мен
мәдениетіне
байланысты құнды
мәліметтерді жазып
алды.
Саяхаттары
16. 1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға
саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері
Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі
болып табылады.
17. 1852 жылы И. Н. Березин Шоқанды
«Тоқтамыс ханның жарлығы
туралы» мақала жазуды өтінді
және бұл мақала– оның бірінші
зерттеу жұмысы. Березин Шоқан
жинаған қазақтың ауыз әдебиеті
нұсқаларымен және «Қозы Көрпеш -
Баян сұлу» жырымен таныс еді.
Зерттеулері
18. Шоқаннан қалған
мұраның бірі –
бейнелеу өнері
туындылары. Олар
Шоқанның осы өнер
саласында қазақтың
тұңғыш
профессионал
суретшісі болғанын
дәлелдейді.
Ғалым негізінен
портрет, пейзаж
және халықтың
тұрмыс-салтын
бейнелеумен
айналысты. Одан
150—дей сурет
қалған.
Шоқан – суретші
26. Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең
соңғы күніне дейін өз Отанын
жан-тәнімен сүйген нағыз
патриот болды. Оның
еңбектерін бүкіл дүние жүзі
жоғары бағалады.
Шоқан – патриот ғалым
27. Ғалымдар Шоқан туралы
П.И.Небельсон: «Ш.Уәлиханов – қазақтың
атақты ғалымы.»
И.В.Веселовский: Шоқан – шығыстану
әлеміндегі жарық жұлдыз”
Е.И.Ковалевский:“Шоқан – қазақтардың нағыз
досы”
Н.И.Ядринцев: “Шоқан – өз халқын сүйді, ол
еуропалық және қазақтың
ұлттық қасиетін
ұштастырды.”
29. Сабақ тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.
Грамматикалық тақырыбы: Тыныс белгілері.
Сабақтың базалық мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін
мәлімдей алу, дұрыс оқи, жаза, айта білу,
тілдесу, ақпаратты дұрыс пайдалану, сөз бен
сөйлем мағынасын дұрыс түсіну қабілетін
жаттықтыру.
Пәндік мақсаты: Қойылған мақсаттарға жету үшін жеке және
ұжымдық оқушылардың сұранысын
қанағаттандыру мақсатында білімділік
дәрежесін арттыру,тілдердің үштұғырлылығын
жүзеге асыру.
Ұлттық: Әр оқушыға дербес бағытталған құндылықтар:
мәдениет, шығармашылық, отаншылдыққа
бағыттау.
Түрі: Қалыптан тыс.
Әдісі: Эвристикалық, баяндау.
Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, жоқ оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау: жалғау түрлері; 4-тапсырма.
Олардың жалғану жүйесі (түбір+жұрнақ+жалғау+...)
III. Жаңа сабақ Ш.Уәлиханов(айтылым).
30. Сөздікпен жұмыс:
• Шөбере – правнук;
• Ең таңдаулы – избранный;
• Әскери сабақ – военное дело;
• Көрнекті тұлғалар- знаменитые личности;
• Құштарлықты сезген емеспін – не испытывал
любовь;
• ХІХ ғасырдың орта шенінде – в средней
половине ХІХ века;
• Белсене араласады – активно участвовал;
• Бейнелеу өнері – изобразительное искусство.
31. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Көкшетау облысының Құсмұрын
бекінісінде, Абылай ханның шөбересі, Ресей патша әскерінің полковнигі, қазақ
сұлтаны Шыңғыстың отбасында дүниеге келді.
Жекеменшік қазақ мектебінде сауат ашып, сурет салуды үйренді.
Әдебиетті, араб тілін оқыды.
Шоқан әкесі Шыңғыс пен әжесі Айғанымның тәрбиесінде болды.
1847-1853 жылы Шоқанды әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны
деп есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға
қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері,
философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.
Шоқанның араласқан адамдары: Г.Н.Потанин, С.Н.Анненский,
П.П.Семенов-Тян-Шанский, Ф.Достоевский сияқты көрнекті тұлғалар және
басқалар болды.
Ғалымдар Шоқанды өте жоғары бағалады.
«Сіз мені жақсы көремін деп жазыпсыз. Мен сізге ғашық болып қалдым.
Мен еш уақытта да, ешкімге де тіпті туған ініме де, тап сізге көңілім түскендей
құштарлықты сезген емеспін,-» деп жазды Ф.М. Достоевский.
Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Уәлихановты:
«Ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді,-» деп
бағалаған болатын-ды.
Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырдың орта шенінде бейнелеу профессионалды
салаларында еңбек еткен, қазақ халқының шын мәніндегі тұңғыш
суретшілерінің бірі екендігін ең алғаш зерттеп, дәлелдеген академик
Ә.Х.Марғұлан.
Шоқан Уәлиханов
32. Ол Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанды аралай жүріп, осы жерлерді
мекендеген түрік халықтарының тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды
мәліметтерді.жазып алды.
1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды.
Қашқария мәліметттері Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі
болып табылады
1852 жылда И.Н.Березин Шоқаннан «Тоқтамыс ханның жарлығы туралы»
мақала жазуды өтінді және бұл мақала-оның бірінші зерттеу жұмысы. Березин
Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларымен, «Қозы Көрпеш – Баян
Сұлу» жырымен таныс еді.
Шоқанның қалған мұраның бірі – бейнелеу өнері туындылары. Олар
Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі
болғанын дәлелдейді.
Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын
бейнелеумен айналысты. Одан 150-дей сурет қалған.
Ш.Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен
сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерін бүкіл дүние жүзі жоғары
бағалады.
П.И.Небельсон: «Ш.Уәлиханов – қазақтың атақты ғалымы».
И.В.Веселовский: «Шоқан – шығыстану әлемдегі жарық жұлдыз».
Е.И.Ковалевский: «Шоқан – қазақтардың нағыз досы».
Н.И.Ядринцев: «Шоқан - өз халқының сүйді, ол еуропалық және қазақтың
ұлттық қасиетін ұштастырды».
33. Жаңа сабақты бекіту.
• Грамматикалық ережелерді тыңдау (тыңдалым).
• Мәтінмен жұмыс (оқылым).
• Мәтіндегі тыныс белгілерін айтқызту.
• Мәтінмен жұмыс (қазақ, ағылшын тілдеріне аудару, жазылым).
Отец Шокана Уалиханова был человеком передового взгляда. Он был этнографом,
фольклористом, собирал памятники литературы и археологии казахского народа, вносил
немалый вклад в дело пропаганды народного искусства в Европе. Он привил Шокану любовь
к науке и искусству, а также уважение к народному творчеству.
Сөздік.
Народное искусство – халық өнері ;
Передовой взгляд – алдыңғы ойлы;
Привил любовь – жақсы көру қабілетін қалыптастырды;
Немалый вклад – көп еңбек етті.
Сөйлем түрін ажыратыңыз, тыныс белгілерін қойыңыз.
1. Шоқан Уәлиханов талантты ғалым әдебиет зерттеуші саяхатшы географ суретші
2. Кадет корпусында Шоқан өзінің дарынымен ерекшеленді ол орыс тілін тез меңгерді
3. Қашқардан әскери саяси экономикалық деректер жинап Шоқан керуені 1859 жылы сәуір
айында елге оралды
4. Мақалдардың мәнін ашыңыз (тілдесім).
1. Ғылыммен жақын болсаң,
Қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң,
Басың кетер.
2. Білімді өссе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
34. • Жаңа сабақты нығайту:
• Шоқан Уәлиханов мәтіні бойынша
монолог
• Үйге тапсырма: 140 бет, 2 тапсырма.
Рефлексия:
• Не білдім?
• Не білгім келеді?