армысың, ару наурыз!Вспомогательный образовательный сайтАты-жөні:Торшаева Шаттык Махсутовна
Қызметі:Балабақшаның музыка жетекшісі
Жұмыс орны:Қарағанды қаласы білім бөлімі,
№68 Мектеп интернат балабақша кешені
Бағыты:«Шығармашылық»
Наурыз-көктем-жыр-думанErjan Beisenhojaev№ 250 мектеп-лицейінің 10 “А” сыныбында өткен Наурыз мерекесі Жосалы кенті 2012-13 оқу жылы
Ұлыс келді! Ұлы жер бір түледі Тәңір нұры аспаннан сіркіреді. Бір көк өрім жаудырап шыға келді, Топырақты бір тамшы түртіп еді.... Биылғы жыл-құт болып, келген шығар, Құдай қосса, халқым бір сілкінеді.
армысың, ару наурыз!Вспомогательный образовательный сайтАты-жөні:Торшаева Шаттык Махсутовна
Қызметі:Балабақшаның музыка жетекшісі
Жұмыс орны:Қарағанды қаласы білім бөлімі,
№68 Мектеп интернат балабақша кешені
Бағыты:«Шығармашылық»
Наурыз-көктем-жыр-думанErjan Beisenhojaev№ 250 мектеп-лицейінің 10 “А” сыныбында өткен Наурыз мерекесі Жосалы кенті 2012-13 оқу жылы
Ұлыс келді! Ұлы жер бір түледі Тәңір нұры аспаннан сіркіреді. Бір көк өрім жаудырап шыға келді, Топырақты бір тамшы түртіп еді.... Биылғы жыл-құт болып, келген шығар, Құдай қосса, халқым бір сілкінеді.
1. Махимова Айнур Оразгалиевна
Ақтөбеоблысы, Ақтөбеқаласы
МДМ«Әсем» балабақшасының
Музыка пәні мұғалімі.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:Музыка
Тақырыбы:«Жыл басы-Наурыз»
Орта топқа арналғанертеңгілік
2. «Жыл басы – Наурыз!»
Мақсаты:Балаларға халқымыздыңмейрамдарыныңбірі – Наурыз туралы
түсінік беру. Балаларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге,
халқымыздыңұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді.
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттықмейрамы, Наурыздың
22– інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады.
Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп
төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болыпсаналған.
Құрметті қонақтар,ата-аналар! Бәріміздің көптен күткен наурыз мерекеміз
келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!Наурыз жаңа күн деген сөз , яғни
бұл күнтізбенің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдарданбері
мерекеленіп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел болып қарсы алайық.
Тойпердесін ашайық
Тойғашашу шашайық
Тойшашуға тойыңдар
Бұдан кейін ойынбар
Ойын « Себетке Гүл теру»
Ән: «Көктем»
Музыка ойналады –(Наурыз қыз, бір топ қыздарыменкеледі)
Наурызқыз:
Мен «Наурыз –қызбын»
Қыздарымдақасымда
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасынатташы!
3. Жүргізуші: Қошкелдің наурыз қызым
Еліме бақыт жылы, құт жылы
Бейбіт жылы бопкір, төргешық
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады.
Ән: «Наурызжыл басы»
Жүргізуші: Міне қыдыр атамызда келіп калыпты.
Қыдыратасөзі:
Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қызғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсынкөктемнің
Берекесін берсін өткенің
Наурыз көже сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін
Ал, балалар балалар.
Би билеп ән салайық
Наурыз тойда думандап!
Би: «Шашу биі»
Бесікке салурәсімі
Наурыз қыз: Ал енді мен балалардың тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.
Жыл басы – Наурыз мереке,
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Ақ нұрға әлем боянды
Жылдыңбасы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегіжарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсыңхалайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Наурыз келді сан құрып
Жасарыпжаңғырып
4. Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп
.
Наурыз қыз: Рахмет балалар! Балалар мен сендерге сұраққойғым келіп тұр.
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ,
қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Арқан тарту» ойынын
ойнаймыз.
Ойын шартын түсіндіреді.
Балалардыңтақпақтары:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжыптұр жараса
Тойдуманға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайықбәріміз!
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Би билейміз бәріміз
Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ
ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздыңаппақ қарындай,
ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады.
Әже: (қолындатостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш
әкелсін! Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт
–түлігі ақты болсын, қайда барсажол болсын!
- Балалар «наурыз көже» туралы білесіңдерме?
Жүргізуші: Наурызданаурыз көже жасайды. Наурыз көже – наурыз тойына
ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам.
5. Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Наурыз көже Наурыз мейрамыныңнегізгі тамағы.Наурыз көжені
дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. Күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр
ет. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан
түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден
дәм татыңыздар!
- отырғанқонақтарға наурыз көжені ұсынады.
Жүргізуші : Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ
айтқылары келіп тұр екен, олай болсакезекті балалар тақпақтарына берейік.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болыпжасаған
Көжедендәм татам
Жүргізуші: «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Дәміңізге рақмет! Тойды оданәрі тұсау кесу рәсімімен
жалғастырсақдеген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –
тапыл басып, балабақша есігін аттағалы отырғаншөберелеріңіз де бар. Мына
жиналған халық, мына отырғаннемерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін
көріп тамашаласын.
Әже: Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп,
жоралғысыналар қайсың бар?
Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Ер жетті деп айтайын
Шашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаңмәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол ғойқарағым
6. Құтты болсынқадамың
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!
Әже шашу шашады, бата береді.
Жортқандажолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин!
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші:
Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Атамыздан бата сұрайық.
Қыдырата:
Бақ дарысынбәріңе
Ой қосылыпойыңа
Бой қосылсынбойыңа
Аман есен жетейік
Келер наурыз тойына!
Наурыз той құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған наурыздаеңбектеріңіз
өнімді болыптілектерің қабыл болсын!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар бүгінгі «Жыл басы- Наурыз» атты
мерекелік іс-шарамыз аяқталды.