астана слайдВспомогательный образовательный сайтАты-жөні:Искакова Айжан Сериковна
Қызметі:Балабақша тәрбиешісі
Жұмыс орны:Қарағанды қаласы білім бөлімі,
№68 Мектеп интернат балабақша кешені
Бағыты:«Коммуникация»
ашық сабақ балбобекВспомогательный образовательный сайтАты-жөні:Искакова Айжан Сериковна
Қызметі:Балабақша тәрбиешісі
Жұмыс орны:Қарағанды қаласы білім бөлімі,
№68 Мектеп интернат балабақша кешені
Бағыты:«Коммуникация»
астана слайдВспомогательный образовательный сайтАты-жөні:Искакова Айжан Сериковна
Қызметі:Балабақша тәрбиешісі
Жұмыс орны:Қарағанды қаласы білім бөлімі,
№68 Мектеп интернат балабақша кешені
Бағыты:«Коммуникация»
ашық сабақ балбобекВспомогательный образовательный сайтАты-жөні:Искакова Айжан Сериковна
Қызметі:Балабақша тәрбиешісі
Жұмыс орны:Қарағанды қаласы білім бөлімі,
№68 Мектеп интернат балабақша кешені
Бағыты:«Коммуникация»
Наурыз-көктем-жыр-думанErjan Beisenhojaev№ 250 мектеп-лицейінің 10 “А” сыныбында өткен Наурыз мерекесі Жосалы кенті 2012-13 оқу жылы
Ұлыс келді! Ұлы жер бір түледі Тәңір нұры аспаннан сіркіреді. Бір көк өрім жаудырап шыға келді, Топырақты бір тамшы түртіп еді.... Биылғы жыл-құт болып, келген шығар, Құдай қосса, халқым бір сілкінеді.
The first President of KazakhstanNurlan AbilhanovThe document provides details about a lesson plan on the first president of Kazakhstan, Nursultan Nazarbayev. The aims of the lesson are to provide students with comprehensive knowledge about Nazarbayev's contributions to society and government and his economic and political reforms. The lesson will be conducted in groups and include discussions, presentations, and visual aids like photos of the president and slides. Key facts about Nazarbayev's early life, career, accomplishments, and symbolic representations like the presidential flag and emblem will be covered.
1. Сабақтың тақырыбы: «Наурыз-думан»
Сабақтың мақсаты: 1) Сахналық қойылым көрсету арқылы «Ұлыстың ұлы күні-
Наурыз» туралы,салт –дәстүрлер туралы мағлұмат беру.
2) Танымдық қабілетін дамыту.өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Ұлттық салт дәстүрді құрметтеуге ,ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үйдің сұлбасы, ұлттық тағамдар,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ. Жүрісі: 1.Көрісу
2.Наурыз көже
3.Ән: «Қазақ дастарханы»
4.Ат қою рәсімі
5.Балаға бата
6.Бесікке баулу
7.Ән: «Әже»
8.Ұлттық есеп шешу.
9.Ұлттық ойын ойлау
10.Би «Қаражорға»
11.Бата.
1. Көрісу.
-«Оң болсын,- деп,- ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Төс түйісу дегені-
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені-
Тоқшылықтың белгісі.
Ән: «Қазақ дастарханы»
Ат қою.
-Ата, дүниенің есігін ашқан кішкентай сәбиге ата салты бойынша ат қойыңыз.
-Биссимилла-рахмани –рахим
Сенің атың,наурызда туылыпсың, балам. Наурызбай болсын есімің.!
Наурызбай,Наурызбай,Наурызбай!
-Балаға бата беріледі.
-Апа, ата салты бойынша сәбидің бесікке салу рәсімін жасап беріңіз.
2. (тыштырма,бесікке салу көрінісі)
Әлди-әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем....
-Қазақта қонақ кәде болушы еді,менің той шашуымды қабыл алыңыз.
Ән: «Әже»
-Қыздар –ау,қыздар, мен ойлануға есеп бергім келіп тұр. (ұлттық мағынадағы
есеп)
-Қыздар,осы наурызда әз жүреді екен.
Халықтың есебінде наурыздың 20-22 аралығында әз кіреді деген ұғым бар.Ол
әуеде болар –болмас діріл мен гүрілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің
жүруімен көк,ағаш,тал,бұта сынды тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңа өмір
басталмақ.Әздің жүруі әдетте байқала бермейді. Оның өткенін өрісте жүрген қой
ғана сезеді.Көкке қарап жамырай маңырап тұрып қалған қойларын көрген малшы
да арқаны кеңге салып, бел босатар шақтың туғанын біліп қуанады. «Әз болмай ,
мәз болмайды» деген мақал да содан қалса керек.
-Қыздар,жігіттер, ұлттық ойын ойнап жіберейік. ( Ұлттық ойын «Айгөлек»)
Би. «Қаражорға»
Бабалардың батасы.
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қорытынды: Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанат
тық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдары
ның үлгі түрлері көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке,
өнегелілікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізеттілік пен білімділікке баулиды.
Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек-дей келе бүгінгі
«Наурыз –думан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.