95887Nurlan AbilhanovМақсаты: Зат есімнің септелу негізін ашу.
Міндеттері:
- зат есімнің грамматикалық мағынасының негізін ашу;
- сыни тұрғыдан ойлау арқылы зат есімнің септелуін білу;
- коммуникативтік қарым –қатынас арқылы топта жұмыс жасауға бейімделу.
Қолданылған модульдері: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Көңіл-күй неге ұқсайды?», «Шахмат», «Ыстық орындық», «Брейн-ринг», «Миға шабуыл», «Ойлан, ізден, тап», «Сен маған, мен саған», «Септеу эстафетасы», «Жеті қалпақ»,Рефлексия «1 сурет, 5 сөз», Жапондық бағалау.
логикалық тапсырмалар жинағыВспомогательный образовательный сайтАйтмагамбетова Нурсауле Саядиловна
Павлодар облысы Екібастұз қаласы,
№18 жалпы орта білім беретін мектеп
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Бастауыш сынып мұғалімі
The first President of KazakhstanNurlan AbilhanovThe document provides details about a lesson plan on the first president of Kazakhstan, Nursultan Nazarbayev. The aims of the lesson are to provide students with comprehensive knowledge about Nazarbayev's contributions to society and government and his economic and political reforms. The lesson will be conducted in groups and include discussions, presentations, and visual aids like photos of the president and slides. Key facts about Nazarbayev's early life, career, accomplishments, and symbolic representations like the presidential flag and emblem will be covered.
1. Жумабаева Айгуль Сериковна
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Ақай ауылындағы № 99 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ашық сабақ
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ара мен Шыбын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу. Адам емес,
жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың көркем сөзді өз сөздік қорларына қабылдай алуы, соның
нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Еңбекке, ауызбірлшілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ой шақыру, топтастыру, қызығушылықты ояту.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.
Көрнекілік: автордың суреті, тақырыптық суреттер интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезең. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
П. Үй тапсырмасын тексеру. «Аққу, шортан, һәм шаян!» А.Байтұрсынұлы.
Сыныпты 3 топқа бөліп тапсырма беру.
І топ - Рөлге бөліп оқу
П топ - Мысалдағы түйінді ойын тауып, шығарма жазу.
Ш топ - Мысалдағы кейіпкерлердің суреттерін салып, олардың қайда өмір
сүретіндіктері жөнінде жазып келу.
Ш. Өткен тақырыпты бекіту
Білімімізді бекіту үшін тірек-үлгісіне қарап, бүгінгі мысалды талдайық.
Авторы Кейіпкерлер
Түйінді ойы Тәрбиелік мәні
- Мысалдың авторы А.Байтұрсынұлы
- Кейіпкерлері: аққу, шортан, шаян.
- Олар не істемек болды ?
- Олардың жүктері неге қозғалмады ?
- Сонда ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр ?
- Сонымен, автор астарлы, тұспалы мәнді суреттеп отыр.
- Мысалда түйінді ой болады дедік.
- Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
- Ал, А.Байтұрсынұлының түйінді ойын кім тауып оқып береді ?
- Ол қайда орналасқан ?
Мысал
2. - Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі.
Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып,
айқындалады.
- Мысал бізді неге шақырады ?
- Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.
ІУ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ара мен шыбын» деп аталады.
«Ара» дегенде ойларыңа не келеді?
- Аралар сары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды.
- Демтүтік арқылы ауамен демалады.
- Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына, бұтақтарға салады.
- Құйрығының ұшында өткір шаншары бар.
- Шаққан жері қатты ісіп кетеді.
«Шыбын»
- Ауада ұшады, жерде жорғалайды.
- 6 аяғы, 2 қанаты бар.
- Ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған.
Автордың өмірбаянымен таныстыру.
Оспанхан Әубәкіров 1934-1986 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ
ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясының
театр факультетінде оқыған. Мамандығы актер болғандықтан өзінің шығармашылық
мұратын сатирадан тапқан. Республикалық «Ара» газетінде қызмет істеген. 1983 жылы
балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан жазушылар
одағының сыйлығымен марапатталған.
Оқулықпен жұмыс.
1. Оқушыларға оқып беру.
2. Сұрақ-жауап әдісі арқылы түсініктерін толықтыру.
- Шыбын араға не деді ?
- Шыбынның қонақ күтуге дайын еместігі жайлы не делінген ?
- Неліктен ара қонақ болып баруға келіспеді ?
- Егер сен араның орнында болсаң не істер едің ?
- Мысалда адамның қандай іс-әрекеті байқалады ?
Ой қозғау.
- Қонақ деген кім ?
- Арнайы шақыру мен немесе шақырусыз келген адам.
- «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің ?
- Келген қонаққа қуанып, жылы жүзбен дастарқан жаятын адам.
- Қонақтың қандай түрлері бар ?
- Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ.
І топ – Оқиға қалай басталды ?
П топ – Оқиға қалай дамыды ?
Ш топ – Оқиға немен аяқталды ?
3. Оқушыларға рөлге бөліп оқыту.
4. Дәптермен жұмыс: Ара мен шыбынға мінездеме жазу
3. Ісінде бір береке жоқ. Жұғымсыз, сұғанақ. Адамдар оны етке, сүтке жолатқысы
келмейді. Жуысса құрттатып жібереді. Тәтті тағамдардың бәріне аяғын, ұртын
салып ластайды. Ызыңдап жұрттың мазасын алады. Оларды құрту үшін улап,
желім жағып қағаз іліп қояды.
5. Сергіту сәті: Ойын «Орнына қой»
Гүлден-гүлге, бал, ара, жинады, қонып.
Тамаққа, кіріп, шыбын, терезеден, қонды, үйге.
6. Тест тапсырмасы :
1. Бунақденелілер денесі неше бөліктен тұрады ?
а) 1, 2 ә) 1,2,3
2. Бунақденелілердің қанат саны нешеу ?
а) 2 жұп ә) 1 жұп
3. Бунақденелілердің қанаты қайда бекінген ?
а) бас, көкірекке ә) кеудеге
У. Сабақты қорыту: Ара мен шыбынның пайдасы мен зияны.
- Араның уынан дәрі-дәрмек жасалады.
- Ревматизм, радикулит, бронхит ауруларына ем.
- Улы безінен «Апитоксин» деген түссіз, сұйық ерітінді бөлінеді
- Шыбынның бір қанатында індет болса, екінші қанатына шипа болады.
- Құрсақ қуысындағы паразиттер тыныс жолдары арқылы сыртқа шығады.
7. Венн диаграммасы.
УІ. Үйге тапсырма:
1. Мысалды рөлге бөліп оқу.
2. Суреттерін салу.
УІІ. Оқушыларды білімдеріне сай бағалау.
Еңбекқор,
тиянақты
Жәндік Мақтаншақ,
жалқау